- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Сербияның экономикасы бір-бірін өзара толықтыра түседі – Назарбаев
Қазақстан мен Сербияның экономикасы бір-бірін өзара толықтыра түседі – Назарбаев
Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Томислав Николич Сербия Президентінің Қазақстанға былтырғы сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтың іске асырылу барысын талқылады.
Мемлекет басшысы Сербия еліміздің маңызды серіктесінің бірі болып саналатынын және бүгінде екі ел арасында түрлі экономикалық және саяси салалар бойынша толық өзара түсіністіктің орын алып отырғанын атап өтті.
«Бүгінгі кездесуіміз Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Сербиямен дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 20 жылдығын атап өтетін кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл кездесу тауар айналымын ұлғайтуға, экономикалық және саяси ынтымақтастықты жандандыруға септігін тигізеді деп үміттенемін. Біз ауыл шаруашылығы, металлургия, құрылыс, медицина және фармацевтика салаларында ынтымақтасуға ниеттіміз. Қазақстан мен Сербияның экономикасы бір-бірін өзара толықтыра түседі. Серіктестік екі тарапқа да пайдасын тигізетін болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына дауыс беру және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне сайлау кезінде елімізді қолдағаны үшін Сербия көшбасшысына алғыс айтты.
Сербия Президенті бүгінде Астана мен Белград түрлі саладағы өзара іс-қимыл үшін зор әлеуетке ие екендігін атап өтті.
«Біз Сербия Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатысты бекем ұстанымыңыз, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі біздің елдің мәдени нысандарын сақтау ісіне қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз», – деді Т.Николич.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Сербия Президентін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция