- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысының аграрилері астық жинауға дайын
Ақмола облысының аграрилері астық жинауға дайын
«Агроөнеркәсiп кешенi облысымыздың экономикасының ең маңызды салаларының бiрi болып табылады. Ол ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, оларды өңдеу мен тұтынушыларға жеткiзу бойынша барлық шаруашылық салаларын қамтиды. Қазiргi таңдағы агроөнеркәсiп кешенiнiң ең басты мiндетi — елiмiздiң, оның iшiнде өңiрдiң халқының әл-ауқаты және азық-түлiк қауiпсiздiгi үшiн маңызды саналатын орақ науқанын уақытында жүргiзу», — деп атап өттi өңiр басшысы.
Әкiм биылғы жылы ауа райының қолайсыздығы астықтың шығуы мен пiсiп-жетiлуiне бiраз керi әсер еткенiн айта келе, диқандардың тынымсыз еңбегi мен қазiргi заманғы технологияны қолдану және көктемгi дән сiңiру жұмыстарының уақытылы жүргiзiлуiнiң арқасында гектар түсiмiнiң де жаман болмайтынын атап өттi.
Бұл өз кезегiнде азық-түлiкке, тұқым және жемге деген iшкi нарықтағы сұранысты толықтай қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетiн көтеруге мүмкiндiк бередi.
Сонымен қатар облыс әкiмi биылғы агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiң кеңесiн «Заречное» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң базасында өткiзiлiп отырғандығынын себебiн түсiндiрiп өттi. Оның айтуынша, аталған серiктестiк егiн орағын уақытылы, ұйымшылдықпен өткiзетiн облыстағы егiншiлiк саласы өте жақсы дамыған шаруашылықтардың бiрiнен саналады.
«Аталған шаруашылық сияқты науқанға ұйымшылдықпен келiп, егiн орағының технологиялық мәселелерiн, астықты қабылдау, кептiру және сақтау жұмыстарын дер кезiнде жүргiзетiн болсақ, ауыл шаруашылығы саласындағы ең маңызды шешушi сәттi де ойдағыдай еңсеретiмiзге кәмiл сенемiн», — дедi облыс әкiмi.
Кеңестi қорытындылаған Сергей Кулагин ендiгi мiндет жауапты да, маңызды науқанды белгiленген мерзiмде сапалы аяқтау екендiгiн атап өттi.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері