- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Елшісі Украинаның агробизнес өкілдерімен кездесті
Қазақстан Елшісі Украинаның агробизнес өкілдерімен кездесті
Сүт өндірішулер ассоциациясы мен Бүкіл украиндық аграрлық кеңесінің өкілдерімен кездесу барысында, дипломатиялық миссияның басшысы 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» атты агрөнеркәсіп кешенінің дамыту жөніндегі бағдарламасының негізгі бағыттарын атап, Қазақстан ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлікті ынталандыру мен қолдау шараларын айтып кетті.
Елші шетелдік инвесторларға салық салу бойынша жеңілдіктер, жұмыс күшін еркін тартуға, күрделі қаржы шығындарын өтемақысын төлеуге қарастырылған инвестициялық артықшылықтарды жан-жақты түсіндірді және бірнеше жол торабындағы ірі көлік орталығы ретіндегі Қазақстаннан, ЕАЭО, Орталық Азия, Қытай және Иран нарықтарына тікелей жолдар ашылатындығына ерекше көңіл бөлді.
Осы ретте, С. Ордабаев Қазақстанда құрылатын ет және сүт мал шаруашылығы және одан кейінгі шикізатты ұқсату салаларындағы бірлескен қазақстан-украиндық қауымдастықтың болашағын белгіледі. Өзара тиімді үлгі ретінде, украиндық компанияларымен тығыз жұмыс жасап жүрген Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бір қатар шаруашылықтарды атап өтті.
Келіссөздер барысында, Ассоциацияның Астана қаласында жоспарланып отырған Қазақстан сүт конгрессіне (ү.ж. қазанда) қатысуына және Оңтүстік Қазақстан облысында Сүт мал шаруашылығының даму орталығын ашу туралы келісімге қол жеткізілді.
Технологияларды трансферлеу мүмкіншіліктерін зерттеу шеңберінде, С. Ордабаев заман талабына сай электр күшін өлшейтін аспаптарды шығаратын «Мегомметр» Умань зауытына барды. Зауыттың өнімі Шығыс Еуропа елдеріне, Прибалтика, ТМД-дағы бірқатар мемлекеттерге экспортталады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы