• Басты
  • Астанадағы жаңа вокзалдың көлемі қазіргі қолданыстағы вокзалдан 11 есе үлкен болады
24 Тамыз, 2016 16:38

Астанадағы жаңа вокзалдың көлемі қазіргі қолданыстағы вокзалдан 11 есе үлкен болады

Елорданың жаңа вокзалы орнында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның көлемі қазіргі қолданыстағы вокзалдан 11 есе үлкен, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ.
Астанадағы жаңа вокзалдың  көлемі қазіргі қолданыстағы вокзалдан 11 есе үлкен болады | Strategy2050.kz

Вокзал кешенінің параметрі мынадай: ұзындығы 630 м, ғимараттың биіктігі 49,75 м, ені 116 м. Құрылысшылар тәулік бойы жұмыс істейді. Қазіргі кезде нысан құрылысына 1350 еңбеккерлер мен мамандар тартылған.

Бүгінгі таңда вокзалда монолитті темір бетон қаусырмасының құрылысы аяқталды. Оған 150,0 мың. м³ бетон жұмсалды. 26,0 мың.тн. металл қаусырмасы (88%) құрастырылды. Қасбеттегі шыны аспалы жүйесін 15% құрастыруға (7 200 м²) материал жұмсалды. Сыртқы қабырғасының 20% (11 000 м²) орындалды.

Вокзалға кіретін теміржол эстакадасының құрылысы жүргізілуде.

Оған жұмсалатын 27,8 мың. м³ жалпы бетонның 26,7 (96%) орындалып, бөлмеаралық металл қаусырмаларының 24,0 мың. тн. (92%) құрастырылды. Рельс, бетон, металл, арматура, цемент – отандық өнімдер.

Сыртқы құрастырмалы материал Германия «ВЕМО» фирмасынан, теміржол эстакадасының тірек материалдары Швейцарияның «МАGЕВА» фирмасынан алынуда.

Алты қабатты вокзал кешенінде қызметтік, техникалық, әкімшілік және коммерциялық бөлмелер қарастырылған. Сонымен қатар күту залы, билет кассалары, қонақ үй,қол жүктерін сақтау қоймасы, буфет, медпункт, жабық паркинг те болады. Жолаушыларға қолайлы болу үшін лифтілер мен эскалаторлар қуат үнемдегіш ультразаманауи қондырғылармен қамтылады. Мұнда жер асты жылу жүйесі, вокзалдың ішін термальдық қайнар көмегімен жылытады. Мұндай технология үй-жайларды қыста жылытып, жазда салқындатады.

Жаңа вокзал арқылы тәулігіне 35 мың жолаушы өтетін болады. Қазіргі қолданыстағы вокзалдың тәуліктік жолаушыларды өткізу мүмкіндігі 7 мың адамды құрайды. Астананың басты темір жол қақпасы оған келіп қосылатын Тобыл, Көкшетау, Павлодар бағдарларына қызмет көрсетеді. 

Астананың жаңа вокзал кешені елордасындағы – «мыңжылдық» аллеясында қаланың кіндігіне орналасқан. Ғажайып ғимаратты 2017 жылдың сәуірінде пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жоба бойынша оның алты қабылдау –жөнелту жолдары, жетінші болашақта вокзалды кеңейткен кезде іске қосылатын тармағы қарастырылған. Вокзалда кезекке тұруды басқару соңғы үлгідегі құрылғыларымен жабдықталады. Оның ішінде электронды билет сату, Интернет (WI-FI) жүйесіне жедел қосылуды қамтамасыз ету, лаңкестік операцияларға кеңейтілген түрдегі қарсы тұру шаралары қарастырылған.

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды