- Басты
- Жаңалықтар
- Каспий мен Қаратеңіз аймағы елдеріндегі тиімді логистика құрылады
Каспий мен Қаратеңіз аймағы елдеріндегі тиімді логистика құрылады
Шараға ҚР министрліктері мен ведомстволарының, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Еуразиялық экономикалық комиссия, Түркия, Әзербайжан, Грузия, Украина, Иран, Литва темір жол әкімшіліктері, көліктік-логистикалық компаниялардың өкілдері қатысты.
Конференция қатысушылары Қазақстанның транзиттік ел ретіндегі әлеуетіне талдау жасап, алдағы кедергілерді жойып, Каспий және Қара теңіз аймағы елдеріндегі тиімді логистикалық қызмет сапасын көтеру жайын талқылады. Алдағы уақытта жаңа бәсекелестікке төтеп бере алатын көліктік бағдарлар жасақтау жөніндегі іс тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасты.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев өз сөзінде компания жүзеге асырып жатқан ірі жобаларға тоқталды. Оның ішінде Қазақстанның «Батыс қақпасы» атанған Каспий логистикалық инфрақұрылымын дамыту жайымен, Транскаспий халықаралық көлік тасымалы (ТКХКТ) бағдарындағы Ақтау портының солтүстік жағалауын кеңейту мен Құрық паром кешені құрылысы барысына тоқталды.
«Біздің серіктестеріміз Транскаспий халықаралық көлік тасымалын дамытуда инфрақұрылымдық жобаларын белсенді жүзеге асыруда. Келесі жылы Карс (Түркия) – Ахалкалаки (Грузия) темір жолының аяқталуын күтіп отырмыз. Ол жоба біздің көлік дәлізіміздің дамуына серпін береді. ТКХКТинфрақұрылымын жасақтай отырып, біз бағдарды дамытудағы өз шешімдеріміз бен тапсырмаларымызды үйлестіруіміз керек. Сөйтіп, оның тартымдылығын және оның теңіз және құрғақпен жүретін баламалы жолдардан бәсекелестікке төтеп бере алатын сапалы деңгейін көтеруге тиіспіз»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.
Шара барысында Қазақстанның мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыра отырып, көліктік-логистикалық саладағы әлеуетін барынша көтеру көзделеді. Ол арқылы еліміздің бәсекелестікке сәйкестігі жоғарылап, инвестициялық тартымдылығы көтеріледі. Бұл мәселе өз кезегінде Қазақстанның ғана емес, Каспий мен Қара теңіз аймағындағы елдердің экономикалық дамуына ықпал етеді.
Халықаралық конференция «Еуразиялық ықпалдастық аясындағы» «Еуразиялық трансқұрлықтық халықаралық көлік бағдарын дамыту. «Нұрлы жол» бағдарламасын және «Жібек жолы-экономикалық белдеуі» тақырыбында дөңгелек үстел отырыстары өткізілді. Шараға қатысушылар Каспий мен Қара теңіз мультимодальдық көлік бағдарларын дамыту тиімділігі, қайта жаңғырту кезіндегі жұмысты ұйымдастыру, Ақтау порты арқылы жүк тасымалдау мәселелерін қарастырды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады