- Басты
- Жаңалықтар
- Тараз халықаралық әуежайы рейс санын көбейтуді жоспарлауда
Тараз халықаралық әуежайы рейс санын көбейтуді жоспарлауда
Премьер-Министрге терроризмге қарсы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін арнайы техниканы – күту залында және тіркеу бөлімінде жолаушыларды тексеретін аппаратты, сондай-ақ ұшып келу залында жолаушыларды заманауи жүйе арқылы тексеретін құрылғымен таныстырды.
Өткен жылы жолаушылар терминалында жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін «Әулие-Ата» халықаралық әуежайы жоғарғы техникалық мүмкіндіктері бар замануи әуе айлағына айналды. Биыл мұнда әлемдегі ең үлкен ұшақтардың бірі, «Волга-Днепр» авиакомпаниясының – АН 124-100 ұшағын күтіп алып, қызмет көрсеткен. Ірі халықаралық жүк тасымалдаушылар Еуропа, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен әуе жолдары жақын тораптардың бірі саналатын әуежайларға белсенді қызығушылықтарын білдіреді.
Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке «Әулие-Ата Халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Д.Қамзин әуежай базасында стратегиялық хаб құру және даму жоспары туралы мәлімдеді. Ұшақ санын арттыру мәселесін жетекші жолаушы және жүк авиакомпанияларын жанармай құюмен бірге техникалық қондырудың, сондай-ақ Атырауға, Ақтауға, Жаңасібірге, Ыстамбұлға, Анталияға субсидияланатын жаңа бағыттарын ашудың арқасында қамтамасыз етпек.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында Жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндеттерінің бірі – қазіргі заманғы теміржол, автомобиль және өңіраралық әуе жолдарын дамыту. Қазіргі заманғы әуежай өңірдің инфрақұрылымын дамытуға, туристер ағымын ұлғайтуға, сыртқы экономикалық қызметті кеңейтуге жәрдемдеседі.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
COVID-19: Жаңа штамдардың таралуы, жұқтырғандар санының артуы және вакцинациялау шаралары -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ