• Басты
  • Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында іш сүзегімен сырқаттану 356 есеге төмендеді
24 Тамыз, 2016 14:37

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында іш сүзегімен сырқаттану 356 есеге төмендеді

Су сапасының жақсаруы, азаматтардың санитарлық сауаттылығының артуы және декреттелген контингентті иммундаудың нәтижесінде Қазақстанда соңғы 25 жыл ішінде іш сүзегімен сырқаттану 356 есеге төмендеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында іш сүзегімен сырқаттану 356 есеге төмендеді | Strategy2050.kz

“Іш сүзегі – аш ішектің лимфа жүйесі зақымданып, шырышты қабықшасында жара пайда болатын, жалпы уланудың қайталануымен сипатталатын сальмонелла бактериясының (Salmonella Typhi) түрінен болатын инфекциялық ауру. Ол қоздырғыш ауыз және нәжіс қуысы арқылы, сонымен қатар инфекциясы бар су, тағамдарды қолдану арқылы таралады. Тұрмыстық жағдайда жұқтыру өте сирек, көбінесе балалар арасында кездеседі”, - делінген хабарламада.

Әдетте инкубациялық кезең 9-14 күнге созылады (минималды түрде 7 күн, максималды – 25 күн), ол ағзаға түскен микробтардың санына байланысты.

Іш сүзегінің ең қауіпті асқынулары – ішектен қан кету, перфоративті перитонит және өлімге әкелетін инфекциялық-уланудан болатын есеңгіреу болып табылады.

Ауруды жұқтырмас үшін жеке гигиена тәртіптерін сақтап, тек тазартылған су ішу керек.

Сондай-ақ, ауру профилактикасының бір тәсілі – тұрғындардың декреттелген тобын (кәріз және тазалау құрылыстарының қызметкерлері) иммундау болып табылады. Іш сүзегі ошағындағы шұғыл профилактика эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүргізіледі. Ауруды жұқтырған адамдарға брюшнотифозды бактериофаг беріледі, зарарсыздандыру шаралары іске асырылады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды