- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының барлық аудандарында медиация кабинеттері ашылады
Ақтөбе облысының барлық аудандарында медиация кабинеттері ашылады
Өздеріңізге белгілі, бүгінде татуластыру процедуралары мен дауларды шешудің балама жолдарын кеңінен қолдану және түсіндіруге ерекше назар аударылып отыр. Өңірде осы бағытта тұрақты түрде мақсатты және жүйелі жұмыстар жүргізіліп, оң нәтижелерге қол жеткізілуде.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұзылған адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудің басым бағыттарының бірі ретінде татуластыру процедуралары және дауларды сотқа дейінгі шешудің балама жолдары, соның ішінде медиация институтын қолдануды атап өтті.
“Оның ерекшелігі – тараптардың барлық мәселені сот процесіне дейін шеше алатындығында. Ең алдымен соттардың жұмыс ауыртпалығы жеңілдейді, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік баж сомасы қайцтарылады”, - деп атап өтті облыс басшысы. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс аудандарының әкімдіктерінде медиация кабинеттері ашыла бастады. Ақтөбеде медиация орталығы Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында ашылды.
Мәселен, жыл басынан бері татуластыру процедураларын қолдану нәтижесінде 724 азаматтық іс аяқталды, оның 509-ы келісімге келу арқылы шешілді, 190 іс бойынша тараптар медиацияға жүгінді, жеке және заңды тұлғаларға 72 млн теңге көлемінде мемлекет баж қайтарылды.
Алдағы уақытта әрбір ауданда ашылатын медиация кабинеттері тұрғындарға тұрғылықты мекеннен шықпай-ақ дауды шешу және ымыраға қол жеткізу мақсатында кәсіби емес медиаторларға жүгінуге мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, қыс мезгілінде, қолайсыз ауа райында да маңызды. Әкімдіктер жанындағы медиация кабинеттері сондай-ақ азаматтарды сот және көлік шығындарынан босатады. Өйткені, міндетті мемлекеттік бажды және өкілдердің қызметін төлеу қажеттілігі болмайды.
Кеңес қорытындысы бойынша облыстық сот төрағасы мен облыс әкімі арасында құқықтық дауларды реттеу үшін татуластыру процедуралары институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы