- Басты
- Жаңалықтар
- Варшавада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған ат бәйгесі өтті
Варшавада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған ат бәйгесі өтті
ҚР СІМ хабарлағандай, ат сайыстарында поляктардың иелігіндегі жүйріктер, сондай-ақ араб тұлпарлары қатысты.Бұл шараға Польша Президентінің Кеңсесі, Премьер-министрі Кеңсесі, ауыл шаруашылық, сыртқы істер, даму министрліктері, дипломатиялық корпус, поляк қоғамы және БАҚ өкілдері, сондай-ақ тұңғыш ірі қазақстан-польша экономикалық форумына қатысушылар қатысты. Бұл күні ипподромда 4 мыңнан астам әуесқойлар болды.
Қонақтар арасында Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрме туралы буклеттер таратылды. Қазақстан достары клубы мүшелері қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татты. Ат бәйгесі қорытындылары бойынша Елші жеңімпаздарға Елшілік атынан Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша сарайында озық шеберлер осы сайысқа арнайы жасаған жүлделерді тапсырды. Варшава ат сайыстарының тарихында олар ең басты сыйлық болып саналды.
Іс-шара поляк бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып, әлемнің 30 елінде, соның ішінде Еуропа және Америка мемлекеттерінде, сондай-ақ БАӘ және Австралияда телекомпаниялармен келісім бойынша көрсетілді. Варшавада Елшілік өткізген ат бәйгесі Қазақстанның халықаралық алаңындағы беделін Тәуелсіздіктің 25-жылдығында әрі қарай нығайтуға айтарлықтай септік тигізгені рас.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция