- Басты
- Жаңалықтар
- Семей полигонының жабылуымен ядролық полигон тарихында жаңа дәуір басталды
Семей полигонының жабылуымен ядролық полигон тарихында жаңа дәуір басталды
Оған ядролық полигон ардагерлері мен мүгедектері, локальды соғыс қатысушылары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
“Биыл маңызды жыл деуге болады, еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында көптеген ауқымды шаралар ұйымдастырып келеміз. Олардың қатарында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығы да бар. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылдың 29 тамызындағы СЯСП жабу туралы жарлығы маңызды шешімдердің бірі болып саналады. Осы күні ядролық полигон тарихында жаңа дәуір басталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан ядросыз әлем құрудағы көшбасшы ретінде танылды”, - деп атап өтті Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ербол Нұрғалиев.
Жергілікті атқарушы органдар осы сатыдағы адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында барлық шараларды қолға алып келеді. ҚР заңнамалары мен әлеуметтік қолдау бағдарламаларында көзделген шараларды жүзеге асыруға бағыталған жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, мәслихаттардың шешімдерімен Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға Жеңіс күні қарсаңында Ақтөбе қаласы бойынша 32 айлық есептік көрсеткіш немесе 67 872 теңге, аудандарға 50 мың теңгеден өтемақы төленді.
Қалалық мәслихат депутаттарының шешімдері бойынша, 2013 жылдан бері ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға коммуналдық төлемдерге жылу маусымы кезеңінде 1,7 АЕК (3605 теңге) төленеді, еліміздегі санаторийлерге тегін жолдамалар беріледі.
Шара барысында СЯСП жабылуының 25 жылдығына орай, ардагерлерге облыс және қала басшыларының алғыс хаттары табысталды.
Ардагерлер мен Ақтөбе қозғалысының белсенділері 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен Астана қаласында өтетін республикалық конференция жұмысына қатысады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады