- Басты
- Жаңалықтар
- Бизнес-форум Қазақстан мен Польшаның ынтымақтастығын нығайта түседі - Назарбаев
Бизнес-форум Қазақстан мен Польшаның ынтымақтастығын нығайта түседі - Назарбаев
Мемлекет басшысы отандық БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында республикамыздың Еуропалық одақтағы маңызды серіктесі болып саналатын Польшамен Қазақстанның қарым-қатынасының мәні зор екеніне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев өзара іс-қимылды дамытудың елімізді қызықтыратын бірқатар бағыттарын атап көрсетті. Мәселен, соның бірі – агроөнеркәсіп кешені.
"Польша жалпы құны 25 млрд доллар болатын дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттай отырып, жаңа технологияларды енгізу арқылы аграрлық секторда зор табыстарға жетті. Мен поляк кәсіпкерлеріне елімізге келіп, біздің фермерлермен бірге жұмыс істеу жөнінде ұсыныс жасадым", – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Польшаның шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесін зерттеу керектігіне, фармацевтика өндірісі, құрылыс саласындағы өзара іс-қимылға ден қою қажеттігіне назар аударды.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық өзара байланысты жандандыра түсу үшін Қазақстан мен Польша арасындағы сенімді көлік жолдарын қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып, әуе қатынасы жолдарын ашу және Польша азаматтары үшін елімізде визасыз режім енгізу тәрізді шараларға тоқталып өтті.
Соңында Қазақстан Президенті бүгін өткен бизнес-форум екі елдің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға тың серпін беретінін айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция