- Басты
- Жаңалықтар
- Токио Қазақстанның ядролық сынақтарды таратпауды нығайту саясатына жоғары баға берді
Токио Қазақстанның ядролық сынақтарды таратпауды нығайту саясатына жоғары баға берді
Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек- Қожатаев және «Дайго фукурю-мару» Бейбітшілік қорының Президенті Йошихико Ямамото салтанатты түрде мемориалдық панельдің қазақстандық жалаумен түстес пердесін ашты.
«Дайго фукурю-мару» қазақ тіліне «№ 5-ші бақытты айдаһар траулері» деп аударылады. 1954 жылғы 1 наурызда траулер экипажы Бикини атоллында «Кастл Браво» американдық сутек бомбасының жарылысы салдарынан пайда болған радиоактивті сәулелерден зардап шеккен.
«№ 5-ші бақытты айдахар траулері» 1976 жылы Токио шығанағының жағасында орналасқан аттас мұражайда осы апаттың естелігі іспеттес мәңгілікке өз қонысын тапты.
Ашылған экспозицияда Семей полигонындағы жарылыстарды бейнелейтін суреттер мен оған қатысты ақпарат берілген, сондай-ақ «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу туралы тарихи шешімі жайлы әңгімеленеді. Сонымен қатар, 2010 жылы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның 40 жыл бойы ядролық жарылыстар болған жерге сапар шегуінің маңыздылығына баса назар аударылған.
Салтанатты ашылу рәсіміне Жапонияның парламент депутаттары, сыртқы істер министрлігі, Токио және Хиросима қалаларының әкімшілігі, Азия-Тынық Мұхит аймағындағы БҰҰ бейбітшілік пен қарусыздану жөніндегі аймақтық орталығының, Жапонияда аккредиттелінген БҰҰ институттары, антиядролық қозғалыстар мен ұйымдардың өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сондай-ақ Астанада өтетін «Ядролық қарусыз әлемді құру» Халықаралық конференцияның жапондық делегаттары қатысты.
Токио қаласының басшылығы экспозицияның жасалуына және дизайнге қаржылық көмек көрсетіп, осы шараны өткізуге белсенді ат салысты.
Е. Баударбек-Қожатаев көрмеге қатысушыларды ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы Мемлекет басшысының ғаламдық бастамалармен, сондай-ақ 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысы аясындағы Қазақстанның басымдық бағыттарымен таныстырды. Елші ғаламдық қауіпсіздікке бағытталған «Әлем. XXI ғасыр» Манифесінің негізгі қағидаттарына баса көңіл аударды.
Ашылу рәсіміне қатысушылар ядролық қарусыздану процессіне Қазақстанның қосқан ерекше үлесін және ғаламдық қауіпсіздікті нығайту мен ядролық қарусыз әлемді құруда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жетекші рөлін атап өтті.
Атап айтқанда, Солтүстік Азияда ядролық қаруды таратпау комиссиясының тең төрағасы, Жапонияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Йорико Кавагучи өзінің Семей ядролық полигонына 2011 жылы барғанын айтып, ядролық қарусыздану саласындағы Қазақстанның саясаты мен ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудағы бастамаларына жоғары баға берді.
«Дайго фукурю-мару» Бейбітшілік қорының Президенті Йошихико Ямамото ядролық қаруды қолданудың зардабын басынан кешкен Қазақстан мен Жапония әлемдік қоғамдастықты ядролық қарудан толығымен бас тартуға шақыруды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Атомдық және сутектік бомбалар құрбандары ассоциациясының Бас хатшысы Теруми Танака өзінің 13 жасында Нагасакиде ядролық бомбалаудың құрбаны болғанын айтып, әлемдік қоғамдастықтың ядролық қарудан бас тартуға бар күш-жігерін салу қажеттігіне назар аударды.
Ашылу салтанатына қатысушылар «Дайго фукурю-мару» мұражайында орнатылған мемориалдық мемориалдық панельдің әлемдік қоғамдастықтың ядролық қауіпке қарсы күрестің қажеттілігіне қатысты түсініктерін ұлғайтуда ағартушылық маңызы зор көрмеге айналатынына сенім білдірді.
Аталған іс-шара аясында Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай ашылған фотокөрме ү.ж. қазан айына дейін жалғасады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі