- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда кешенді тестілеуді қайта тапсырудан абитуриенттердің жартысынан көбі өтпеді
Қазақстанда кешенді тестілеуді қайта тапсырудан абитуриенттердің жартысынан көбі өтпеді
Тестілеуге келесі санаттарға жатқызылатын азаматтар қатысты:Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) барысында төменгі балл деңгейіне жете алмағандар; ҰБТ-ге қатыспағандар; талапкерлердің кешенді тестілеуіне (ТКТ) қатысып, төменгі балл деңгейіне жете алмағандар; ТКТ-ге қатыспағандар; ҰБТ және ТКТ барысында көрсетілген нәтижелері жойылған азаматтар.
Тестілеуге 41801 талапкер (қатысуға өтінім жасағандар саны – 45025) қатысты, оның 27306 – қазақ тілінде оқуға ниетті адамдар, 14495 – орыс тілінде оқуды таңдағандар.
Тестілеу нәтижелері бойынша төменгі балл деңгейіне 23778 адам (56,884%) жете алмады.
ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 104 талапкер тестілеуден шеттетіліп, олардың көрсеткен нәтижелері жойылды.
Биылғы жылы талапкерлерді моральдық-психологиялық тұрғыдан қорғап, олардың жоғары білім алу мүмкіндіктерін едәуір арттыратын икемді жағдайлар жасалғаны белгілі. ҰБТ және ТКТ нәтижелері бойынша ЖОО-да білім алу мүмкіндігін беретін ең төменгі балл деңгейінен аса алмаған талапкерлер тестілеуді ақылы негізде қайта тапсыра алатын болды.
Қайта тапсыру қорытындылары бойынша барлық қатысушы талапкерлерге тестілеу барысында алынған көрсеткіштері жазылған сертификаттар тапсырылды. Бұл құжат, талапкер ең төменгі балл деңгейінен асатын көрсеткішке қол жеткізген жағдайда, ЖОО-на ақылы негізде түсу мүмкіндігін береді.
Қайта тестілеу нәижесі бойынша ең төменгі балл деңгейінен аса алмаған талапкерлер ЖОО-на ақылы негізде, күндізгі оқу бөлімдеріне алғашқы академиялық кезеңнің аяғына дейін (1-курстың соңына дейін) қабылданады. Осындай шарт негізінде қабылданған азаматтар бірінші академиялық кезеңнен кейін қайта тестілеуден өтеді. Осы мүмкіндікті пайдаланы алмағандар ЖОО-нан шығарылады. Керісінше, тестілеу қорытындысында жақсы нәтиже көрсеткендер (төменгі балл деңгейінен асатын көрсеткіштерге кол жеткізгендер) келесі курсқа өтіп, оқуларын жалғастырады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды