- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Астанадағы «Жас ұлан» әскери мектебінде бір орынға 10 адам үміттеніп отыр (ФОТО)
Биыл Астанадағы «Жас ұлан» әскери мектебінде бір орынға 10 адам үміттеніп отыр (ФОТО)
Биылғы жылы конкурстық іріктеу айтарлықтай, яғни, бір орынға 10 адам талаптанып отыр. 2016 жылы «Жас ұлан» республикалық мектебіне 52 адам қабылданады. Осы жылы 500-тен аса адам құжаттарын тапсырды. Бұл бір орынға 10 адамның үміттеніп отырғанын білдіреді», - дейді мектеп бастығының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Хамит Байкенов.
Барлық оқуға түсетіндерге іріктеудің төрт кезеңінен мүдірмей өту қажет. Ол кәсіби психологиялық іріктеу, яғни, жасөспірімдер психологиялық тестілеу, сондай-ақ, логикалық ойлау бойынша тестілеу тапсырады. Екінші кезең – дене даярлығын тексеру, үшіншісі – медициналық куәландыру. Әрі қарай мандаттық комиссия және оқуға қабылдану. Бозбалалар үшін күрделі кезеңдердің бірі дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру болды.
Белтемірге тартылу, 60 және 2 000 метрге жүгіру. Кейбір жеткіншектердің әскери мектепке жете дайындалғаны байқалады. Сондықтан болар, көрсеткіш бойынша «үздік» деген бағадан асып түсіп, нормативтерді қиналмай тапсыруда. Оқуа түсер кезде қосымша ұпайлар берілетін бірқатар оқуға түсетіндер санаты бар екенін айта кеткен жөн.
«Бізде бірінші кезекте жетім балаларға, қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болған әскери қызметшілердің балаларына, сондай-ақ, еңбек сіңірген жылы 10 жылдан асатын әскери қызметшілердің балаларына, халықаралық, республикалық, президенттік олимпиадалар мен әртүрлі байқаулардың жеңімпаздарына, үздік дипломы, сонымен қатар, әртүрлі спорт бойынша спорттық дәрежелері бар балаларға бонустық ұпайлар қосылады», - деп түсіндірді Хамит Байкенов.
Іріктеудің әрбір кезеңінен өтуге бір-ақ рет рұқсат беріледі. Бұл ретте әскери мектеп басшылығы балалардың ата-аналарымен ұдайы өзара әрекет жасап тұрады. Оларға іріктеу ережелері мен барлық нюанстар түсіндіріледі. Нұсқаулықтың барлық қажетті құжаттамасы мен қабылдау ережелері ұсынылады. Одан басқа, емтихандардың өткізілу барысын қадағалайтын ата-аналардың ішінен 1-2 адам бөлінеді.
Былтырғы жылы «Жас ұлан» мектебіне қабылдау ережелері өзгертілді. Сол уақыттан бастап оқуға жалпы білім беру мектебінің 9-сыныбын аяқтаған бозбалаларды қабылдайды. Сонымен, әскери мектепке жасөспірімдер оқуға түсу үшін алдын ала дайындалып, барлығын ой елегінен өткізіп, саналы түрде келеді. 2015-2016 оқу жылында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі ұландардың мерейтойлық 15-ші шығарылымына өз есігін айқара ашқанын айта кетейік. Білім ошағының негізі қаланған сәттен бастап 15 жыл ішінде «Жас ұлан» республикалық әскери мектебі 600-ден аса тәрбиеленушіні түлетіп ұшырды. Бүгінгі таңда «Жас ұлан» мектебінің көптеген бітірушілері әлем елдерінің жоғары әскери оқу орындарына түсіп, Қарулы Күштерде және Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясы мен өзге де елдердің әлеуетті құрылымдарында қызмет атқаруда. ҚР Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің командирлері болып табылады. Жоғары офицерлік атақтары мен мемлекеттік наградалары бар.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі