- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр Жамбыл облысы АӨК-тің озық технологияларымен танысты
Премьер-Министр Жамбыл облысы АӨК-тің озық технологияларымен танысты
Премьер-Министрге «Гамбург» ЖШС директоры Е.Кохтың мәлімдеуінше, шаруа қожалығының қарамағында 2500 га жер бар, мұнда ірі қара мал жайылып, жемшөп дақылдары өсіріледі.
Шаруашылық күн сайын Бурнен сыр зауытына 10 тонна сүт жеткізеді. Сонымен қатар, республиканың өзге де өңірлерінен нарыққа жоғарғы сапалы ет-сүт өнімдері жеткізіледі.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу – шаруашылықтың жалғыз бағыты емес. Қазіргі таңда ЖШС ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын іске асыру бойынша жобаны жүзеге асыруда.
Шаруа қожалығы алқаптарында Премьер-Министрді суару жүйесінің қағидаларымен таныстырды. Жамбыл облысы жыл сайын жаз мезгілінде суармалы судың жетіспеушілігінен қиындық көреді, сондықтан жоғары тиімді технологияны жүзеге асыру тәжірибесі өңір шаруалары үшін өте маңызды.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары А.Нұралиевтің мәліметі бойынша, өңірде Жамбыл облысының негізгі жалпы өңірлік өнімін өнеркәсіп салалары құрайды (шамамен 23%) және ауыл шаруашылығы (21%). Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер өңірді сиыр еті бойынша 150%, қой еті бойынша 170% қамтамасыз етеді.
Өңірдің АӨК даму перспективасы мен нәтижесі туралы Премьер-Министрге «Лугов жылқы зауыты» ЖШС директоры Х.Базаралиев, «Оңтүстік халал тағамдары» ЖШС директоры Н.Ахметов, «Шәушен» шаруа қожалығының жетекшісі С.Дөненбаев баяндама жасады.
Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, өңірде 17,9 мың ірі қараға арналған 23 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Малайзия және Жаңа Зеландия кәсіпкерлерімен бірге Мерке ауданында 3 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын салу жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Мойынқұм ауданында үш мың бас малға және бес мың бас етті ірі қараға арналған бордақылау алаңын салу жүзеге асырылып жатыр. «Ырыс» бағдарламасы аясында өңірде 12 сүт өнімдері фермасы салынуда. Мерке ауданында сүт кластерін дамытуға бағытталған 40 шаруашылықтан құралған «Мерке өнімдері» алғашқы ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Өңірге жалпы құны 6,5 млрд теңгені құрайтын мал және құс етін өндіру және өңдеу үшін 5 ірі инвестор жұмылдырылды.
2015 жылы Жамбыл облысы АӨК қолдау үшін 7,8 млрд теңге бөлінді.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда