- Басты
- К.Мәсімов Жамбыл облысында баламалы энергетика әлеуетін бағалады
К.Мәсімов Жамбыл облысында баламалы энергетика әлеуетін бағалады

«BurnoyeSolar-1» ЖШС күн электр станциясы 2015 жылы шілде айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпы ұлттық телекөпір барысында іске қосылды. Тек өткен жылы ғана компания 38,4 миллион киловатт-сағат астам электр энергиясын өндірген, бұл айтарлықтай аймақтағы энергоресурс тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді. Баламалы энергия көздері саласындағы инновациялық жоба «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде таныстырылатын болады.
Премьер-Министрге «BurnoyeSolar-1» ЖШС директоры Н.Қапеновтің айтуынша, аталған жоба Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына енгізілген және Қазақстанда жаңартылған энергия көздерін дамыту аясында жүзеге асырылып жатыр. Электр станциясы аумағында 192 мың күн панелі орнатылған, олар орташа есеппен жылына 73 млн киловатт-сағат өндіру есептелген. 2016 жылдың алғашқы тоқсанында күн электр станциясы 20 млн кВт/сағ жинаған.
Жамбыл облысында баламалы энергия көздерін шығаратын жалпы саны 9 жоба жұмыс істеп тұр: төрт ГЭС, жалпы қуаты 114,05 МВт құрайтын үш жел және екі күн электр станциясы. 2016 жылдың алғашқы 6 айында барлығы 104,08 млн кВт-сағ өндірілді.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Т. Жанкенің мәлімдемесі бойынша, облыста электрмен жабдықтау проблемасы әлі күнге дейін өзекті болып тұр, себебі электр энергиясының шамамен 70% сырттан сатып алынады. Қордай ауданы үшін электр энергиясын әлі күнге дейін көршілес Қырғызстаннан сатып алып отыр.
2017 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде тағы гидро-, жел- және жалпы қуаты 247 МВт құрайтын 6 инновациялық жоба жүзеге асырылу жоспарланып отыр.
Жалпы қуаты 210 МВт құрайтын жел электр станциясын Жуалы және Шу аудандарында, 24 МВт құрайтын СЭС Рысқұл ауданында, 18 МВт құрайтын ГЭС Мерке ауданында салу жоспарланып отыр. Жобалар «Тараз» ӘКК» ҰК», «Самұрық-Қазына» ЖШС және «United GreenEnergyLimited» (Ұлыбритания) қатысуымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша жүзеге асырылуда.
Болжам бойынша, 2020 жылға қарай елімізде жалпы энергетика балансында ЖЭК үлесі 3%-ға жетеді. Жамбыл облысында «жасыл» энергетика есебінен өңірдің электр энергиясына сұранысы 50%-ға дейін қамтамасыз етіледі.
-
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды
-
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды
-
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты
-
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды
-
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет
-
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі
-
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады
-
Елордада «Жамбылмен бірге жырлайық» шығармашылық байқауы қорытындыланды
-
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
-
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар
-
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді
-
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек
-
Жамбыл облысының дамуы: Фармацевтика, жұмыспен қамту мәселесі және коронавируспен күрес шаралары
-
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті
-
Павлодар облысындағы ШОБ-ты қолдау шаралары мен әлеуметтік-экономикалық ахуал

