- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Польшаның екіжақты ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндігі бар
Қазақстан мен Польшаның екіжақты ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндігі бар
Баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Президенті өткен келіссөздердің жемісті болғанын айтып, биыл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті.
«Біздің елдерімізді ортақ тарих байланыстырады. Польша – Қазақстанның Еуропадағы ең жақын әрі маңызды серіктесінің бірі. Елдеріміздің арасында әсіресе экономикалық сала бойынша өзара тиімді көптеген перспективалы бағыттар бар. Ертең еліміздегі іскер топтар өкілдерінің қатысуымен ірі бизнес-форум өтеді. Жалпы құны 1 млрд доллар болатын екіжақты келісімдерге қол қою жоспарланып отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы республикамызда екі ел арасына дәнекер болып отырған 40 мыңға жуық поляк тұрып жатқанын атап өтті.
«Биыл олардың Қазақстанға жер аударылғанына 80 жыл толады. Бұлардың барлығы – елімізде тұрып жатқан 130-дан астам ұлт өкілімен тең құқылы өз азаматтарымыз. Мемлекет оларға барынша қолдау көрсетіп келеді», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның индустриялық әлеуеті артып отырғанына назар аударды.
« 5 жыл ішінде мыңға жуық жаңа өндіріс кәсіпорны іске қосылды. Польша бизнесмендерін осы жұмысқа атсалысуға шақырамын. Бұл үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, келесі жылдан бастап екі елдің азаматтары үшін визасыз режім енгізу жоспарлануда, тікелей әуе байланысын жолға қою мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бүгінде өзара тауар айналымы 1 млрд 100 млн долларға жетті. Әрине, бұл қазіргі әлеуетімізді толық көрсете алмайды», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті елдеріміздің түрлі бағыт бойынша екіжақты ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндігі бар екенін айтты.
« Арамыздағы өзара экономикалық іс-қимылды жандандыру және азаматтарымызға жаңа жұмыс орындарын ашу үшін жағдай жасау қажет. Елдеріміз арасындағы сенімді достық қарым-қатынас халықтардың жақындаса түсуіне септігін тигізетініне сенемін»,– деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Мемлекет басшысы Польша Президентін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне шақырып, поляк іскер топтары өкілдеріне Астанадағы халықаралық қаржы орталығының қызметіне атсалысу жөнінде ұсыныс жасады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы