• Басты
  • 2017 жылдан бастап ҰБТ-ны ЖОО абитуриенттері ғана тапсырады
22 Тамыз, 2016 20:19

2017 жылдан бастап ҰБТ-ны ЖОО абитуриенттері ғана тапсырады

Түркістанда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қазақстандық білім беру проблемалары мен перспективалары жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады ресми сайт.

2017 жылдан бастап ҰБТ-ны ЖОО абитуриенттері ғана тапсырады | Strategy2050.kz

Мемлекеттік органдар, төрт облыстың, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының білім беру ұйымдарының және өңірдің қоғам өкілдері арасындағы ашық диалог Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің алаңқайында өтті.

Қазіргі таңда елімізде 2020 жылға дейінгі білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы дайындалып, қабылданды. Негізгі акцент адам капиталының бәсекеге қабілеттілігіне және жалпы білім беру деңгейіне бағытталады. Жаңа оқу жылындағы өзгеріс – бірінші сынып оқушылары үшін бес күндік оқу жүйесі енгізіледі. Бұл «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» бағдарламасы негізінде жаңартылған оқу бағдарламасына және әлемдік озық практикаға сәйкес келетіндігімен байланысты. Оқу бағдарламасын қысқартпау үшін бірінші сынып оқушылары 1 қыркүйектен 1 маусымға дейін оқиды. Келесі жылы екінші, бесінші, жетінші және тоғызыншы сынып оқушылары да бес күндік оқу жүйесіне көшеді. Ал 2018 жылдан бастап қалған сыныптар жаңа оқу режімі бойынша білім алады. Сондай-ақ, 2020 жылға қарай Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысу жоспарланып отыр.

Атап өтілгендей, отандық білім беру сапасына қатысты ондаған қазақстандық  Үкіметке өз сұрақтарын қояды.

Кездесу барысында мектеп және мектепке дейінгі білім беру тақырыбы кеңес барысында көтерілді. Еңбек ардагері И.Тұрсынқұлов өңірде балабақшалардың жетіспеушілігі туралы мәселені қозғады.

Кеңеске қатысушылар мектептерде үштілділікті енгізу, педагогикалық кадрларды дайындау, ҰБТ форматын өзгерту және жаңа оқыту технологияларына көшу мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, электрондық журналдар мен электронды контент туралы тақырыптар қозғалды.

Білім беру мәселелері бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаев, білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов, Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов сөз сөйледі.

2017 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуді тек ЖОО абитуренттері, ал мектеп түлектері қарапайым емтихан тапсырады. Үштілділік білім беру жүйесі 2020/2021 оқу жылына енгізілу жоспарланып отыр. Осы жылдан бастап 5-сынып оқушылары «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» пәнін қазақ тілінде және «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін орыс тілінде оқиды.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұловтың айтуынша, өңірде 11 ЖОО, 90 ТжКБ мекемелері және 1053 мектеп жұмыс істейді. 2016 жылы облыста екі мектеп қолданысқа енгізілді, тағы алты мектептің құрылысы аяқталуға жақын. «ОҚО Азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті Ш.Жамалбек өңірдің білім берудегі жоғарғы әлеуетін негізге ала отырып, Түркістанда Назарбаев зияткерлік мектебін ашуды ұсынды.

Премьер-Министр кеңесті қорытындылай келе, білім және ғылым министрлігіне орта білім берудің мазмұнын жаңарту және барлық деңгейдегі білім сапасын жақсарту жұмысын жалғастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, білім және ғылым министрлігі облыстар және Астана мен Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірінші сынып оқушылары үшін жаңартылған оқу бағдарламасының тәжірибесін республикамыздағы барлық мектептің бірінші сыныптарына енгізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар 2016-2017 оқу жылына арналған нысандарды өз уақытында аяқтау үшін тиісті шараларды қолдану қажет.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды