• Басты
  • Отандық кітапхана ісінің жас мамандары тәжірибе алмасуда
22 Тамыз, 2016 20:41

Отандық кітапхана ісінің жас мамандары тәжірибе алмасуда

Талдықорған қаласындағы «Тілдер сарайында» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда «ХХІ ғасыр кітапханасы: Жастар стратегиясы» тақырыбымен Республикалық жас кітапханашылар форумы өтеді, деп хабарлады ҚР МСМ Баспасөз қызметі.
Отандық кітапхана ісінің жас мамандары тәжірибе алмасуда | Strategy2050.kz

Форумды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолауымен  Алматы облысы әкімшілігі, ҚР Ұлттық кітапханасы және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырады.

Іс-шараға қатысуға еліміздегі жас кітапханашылар – болашағы бар, ынталы жас мамандар шақырылды. Қатысушылардың ең үлкен тобы – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан басшы Үмітхан Мұналбаеваның жетекшілігіндегі делегация.

Форумның мақсаты – қазақстандық жас кітапханашылардың айқын көзқарасын қалыптастыру, кітапханашы кәсібінің оң имиджін орнықтыру, Қазақстанда және шет елдерде оқу үшін қатысушылар арасынан үміткерлерді анықтау. Кітапхана ісіндегі реформалардың негізгі серіктесі ретіндегі жастар алдындағы мөлшерлеме облыс, қала, аудан және ауылдық деңгейлердегі кітапханаларды дамытуға маңызды импульс берері хақ.      

Сонымен қатар, жиын жұмысына Астана және Алматы облысының зиялы қауым өкілдері: философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Жамбыл және Мұқағали Мақатаев атындағы Халықаралық сыйлықтардың лауреаты Несіпбек Айтұлы қатысады.

Форумда кітапхана ісіндегі өзекті мәселелер көтеріледі, салалық мәселелер бойынша сөз алатын қонақтар мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мамандары «Бір ел – бір кітап» акциясы – оқуға тартудағы басты жоба» (Ғарифолла Есім – «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы, «Кітапхана және оқу мәселелері» (Оңай Мырзағалиева, Оқырмандарды тіркеу және қызмет көрсету орталығының жетекшісі), «ҚазҰЭК жобасы – Қазақстандық ғылыми және мәдени мұралардың электронды ресурсы», (Электронды ресурстарды басқару қызметінің жетекшісі), «ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының инновациялық жобалары» (Әсем Қарпықова, Құжаттарды өңдеу қызметінің маманы), «ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы сирек кітаптар мен қолжазбаларды ғылыми зерттеу мәселелері» (Шыңғыс Бегімтаев, сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің ғылыми қызметкері) тақырыптарында баяндама жасау арқылы тәжірибелерімен бөліседі.

Шара «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Болашақ Біртұтас Ұлт» Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы жас кітапханашылардың басымдыққа ие рөліне негізделіп өткізілуде.  Мемлекет басшысы өзінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында «Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, жақындары, өз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар болуы тиіс. Мен біздің жастарға сенемін!» деген болатын.  

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды