Ұйымдастыру комитеті Универсиаданың алауын ресми бекітті

22 Тамыз, 2016 19:18
2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық жөніндегі Ұйымдастыру комитеті 2017 жылғы халықаралық қысқы студенттік ойындардың Эстафета алауын ресми бекітті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Универсиада-2017 дирекциясының басшысы Наиль Нұров Эстафета алауы туралы толығырақ айтып берді. Оның айтуынша, Универсиада-2017 алауын алып жүру 2017 жылы 25 қаңтарда басталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ Наиль Нұров, студенттер ойынының алауын салтанатты жағу бір жерде ғана емес, еліміздің барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қаласындағы 19 ЖОО-ның қабырғасында өткізілетінін айтты.

Кейіннен, барлық алаулар бір жерде тоғысып, Алматыда өтетін жарыстың ашылу салтанатында үлкен алауға айналмақ екен. 

Барлық жаңалықтар