- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Израильдің қорғаныс министрлері ынтымақтастықтың жаңа жолдарын бағалады (ФОТО)
Қазақстан мен Израильдің қорғаныс министрлері ынтымақтастықтың жаңа жолдарын бағалады (ФОТО)
Бірінші кезекте Иманғали Тасмағамбетов Авигдор Либерманды қорғаныс ведомствосының басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оған мемлекеттің әскери қауіпсіздігін нығайту ісінде сәттілік тіледі. ҚР Қорғаныс министрлігі басшысының айтуынша, елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас ширек ғасырға таяп қалыпты.
Осы жылдар ішінде орасан жұмыс атқарылды. Қазақстан мен Израиль арасында барлық салаларда тығыз ынтымақтастық ретке келтірілді. «Өздеріңіз білетіндей, кез келген мемлекеттің тиімді дамуының негізгі шарты оның қауіпсіздігі болып табылады.
Сіздердің елдеріңізбен қорғаныс саласындағы қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екеніміз заңдылық. Ол үшін бізде әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы мықты құқықтық база бар», - деді Иманғали Тасмағамбетов. Достастық жағдайда өткен кездесуде Қазақстан мен Израильдің қорғаныс ведомстволарының басшылары өзара мүдделіліктен тұратын, оның ішінде, екіжақты қарым-қатынасқа қатысты мәселелерді талқылады. Армиямыз жауынгерлік даярлық бойынша ұтқырлық пен тиімділік деңгейін дамыту жолында ілгерілеп келеді.
Осыған орай, дағдарыстық ден қою бойынша операцияларға арналған арнайы мақсаттағы армия күштерін тарту аясындағы израильдік тәжірибені зерделеу белгіленген мақсаттарды іске асыру үшін бірегей тұғырнамадан тұрады. Сондай-ақ, қауіпсіздік аясында ақпарат алмасу маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары технологиялық қару-жарақты өндіру бойынша мәселе қаралды. Кездесу барысында Қазақстандағы израильдік технология бойынша ұшқышсыз ұшу аппараттарын бірлесіп шығару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Әскери және азаматтық мақсаттарда ҰҰА қолданудың әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, тактикалық ҰҰА құрастырып өндіру және техникалық сүйемелдеуді ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. «Аталған жоба тиісті технологияларды алған және мамандарды оқытқан жағдайда ҰҰА құрастырып өндіру және сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін қажетті өндіріс қуаты мен кадрлық әлеуеті бар Астанадағы авиациялық-техникалық орталықта іске асырылатын болады», - деді Қазақстанның Қорғаныс министрі кездесу барысында.
Одан басқа, израильдік ҰҰА операторларын дайындау орталығының базасында қазақстандық әскерилерді оқытып-үйрету бойынша келісім бар. Өз кезегінде, Израильдің Қорғаныс министрі бұл сапар қорғаныс ведомстволарының өзара іс-қимылының әрі қарай дамуына жағымды ықпал ететінін атап өтті. «Барлық конфессиялар мен ұлттар бейбіт өмір сүріп жатқан осыншама төзімділік танытып отырған ең жарқын үлгі ретіндегі тарихи байланысымыз бен Сіздің мемлекетіңізді бағалаймыз. Таяу Шығыста шыдамдылықтың дәл осындай ұғымы болса екен деп армандаймыз. Мұның барлығы Қазақстан Республикасы Президентінің сарабдал саясатының арқасында. Әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатыстының барлығын біз қолдаймыз және белгіленген жоспарларды іске асыру үшін барлық қолдан келетін нәрсені жасауға тырысамыз. Заманауи соғыстың алдыңғыдан айырмашылығы армияның жоғары дәл қаруынсыз сәтті бола алмайтынымен байланысты», - деді Авигдор Либерман. Ресми сапар шеңберінде ҚР Қорғаныс министрінің басшылық етуімен қазақстандық әскери делегация бірқатар әлемдік әскери техника өндіруші компанияларға барды.
«Elbit Systems» әртүрлі қару-жарақ түрлерін, ҰҰА, авионика, радиолокация жүйелерін дайындау және жаңғырту бойынша компания ғарыштық барлау жерсеріктерін әзірлеуге, «Rafael» компаниясы ӘШҚҚ жүйелерінің зымыран және авиациялық технологияларын, тактикалық зымыран қаруын өндіру бойынша қатысады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары