- Басты
- Жаңалықтар
- Ұйымдастыру комитеті Универсиада -2017 медальдары мен тұмарларының дизайнын бекітті
Ұйымдастыру комитеті Универсиада -2017 медальдары мен тұмарларының дизайнын бекітті
Қала әкімдігі хабарлағандай, жиын барысында Д.Назарбаева Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан олимпиада ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жоғары жетістіктерін,спорттық инфрақұрылым құрылыстарының,елімізде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Универсиада жобасы арқасында Алматыда өте заманауи және барынша әдемі үш жаңа спорт нысандары пайда болды. Жаңа инфрақұрылымдар, жаңа тұрғын кешендері, театрлар, көрме залдары,кинотеатрлар, әлеуметтік- тұрмыстық нысандар бой көтеруде. Бұл аудан болашақта адамдар үшін барынша қолайлы және жайлы болады», - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек FISU талаптарына сай және Елбасының келісіміне орай Универсиаданың жаңа нысандарына атаулар берілетіндігін жеткізді. Яғни, 12 мың орынды Мұз сарайы « Алматы Арена», 3 мың орынды сарай «Халық Арена» деп аталатын болады.
«Елбасының тапсырмасы бойынша Универсиада өткен соң пәтер кезегінде тұрған 1 748 адам Атлеттер ауылынан үй алады. Атлеттер бөлмесіне сатып алынған мебель, тұрмыстық техника (3 700 тоңазытқыш пен телевизор, 1 750 кір жуатын машина)ауруханалар мен емханаларға, қала бала бақшалары арасында бөлінеді. Ойындар өткен соң Атлеттер ауылына Алматының олимпиадаға дайындық орталығы, Алатау ауданындағы 1200 адамға ХҚКО, 700 адам қатынайтын емхана, Қазпошта бөлімшесі, супермаркет, тұрмыстық үй, полицияның толық жабдықталған тірек пункті орналасады», - деді Б.Байбек.
Мегаполис әкімі жергілікті билікпен, Ішкі Істер министріігмен, ҰҚК-мен, Бас прокуратурамен бірігіп, Универсиада барысында қоғамдық қауіпсіздікке нұсқан келтірудің алдын алу бойынша қажетті шаралардың барлығының атқарылып жатқандығын атап өтті.
«ІІМ-нің есептеулері бойынша, Универсиаданың қауіпсіздігін құқық қорғау органдарының 6,5 мыңнан астам қызметкерлері қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен ІІД-не жарылғыш заттардың 15 қолмен жұмыс істейтін детекторларын алу үшін 222 млн. теңге бөлінді», - деді Б.Байбек.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады