• Басты
  • Қызылорда облысында балабақшалар саны жыл санап көбеюде (ФОТО)
22 Тамыз, 2016 17:59

Қызылорда облысында балабақшалар саны жыл санап көбеюде (ФОТО)

Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Жалаңтөс батыр ауылынан 90 орындық балабақша жұмысын бастады. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатасып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысында балабақшалар саны жыл санап көбеюде (ФОТО) | Strategy2050.kz

Ауданға жұмыс сапармен барған аймақ басшысы Әйтеке би кентіндегі Қ.Пірімов көшесінде жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жоба бойынша аталмыш көше кеңейтіліп, Әйтеке би көшесінен бастап №234 орта мектепке дейінгі аралыққа демалыс алаңы орналасады. Балалар ойын алаңы, су бұрқағы, түнгі жарықшамдар орнатылады. Сонымен қатар, мұнда Бегім ана мен Асандар көтерілісіне ескерткіш белгілері қойылатын болады. Сондай-ақ, аудандағы 5 апаттық мектептің құрылысы басталып, оның екеуі биыл пайдалануға беріледі.

Дәл осы күні облыс әкімі жұмыс сапармен Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде де болды. Кентте жаңадан ашылған 160 орындық «Алма-рай» балабақшасының жұмысымен танысты. Заманауи үлгідегі балабақшада бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған. Нысанның ашылуымен 40 адам тұрақты жұмысқа тартылып отыр.

Мұнан бөлек, аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, тұрғындар перзентхана ашу мәселесін көтерген болатын. Бұған байланысты арнайы бекітілген норматив бойынша кентте жылына туылатын бала саны 500-ден асу қажет. Ал Сексеуілде 1 жылда 240-250 сәби дүниеге келеді. Сондықтан жүкті әйелдер Арал ауданының орталығында және жақында жұмысын бастаған Байқоңырдағы медициналық орталықта босанатын болады. Кездесуде қосалқы станция салу, жарықтандыру, су, газ тарту мәселелері де айтылды. Бұған байланысты жауапты басқарма басшылары атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, тұрғындардың көтерген мәселелері кезең-кезеңімен шешілетіндігін жеткізді.


 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды