- Басты
- Жаңалықтар
- Түркістанда Премьер-Министр халықпен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелерін талқылады
Түркістанда Премьер-Министр халықпен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелерін талқылады
Кездесуге қатысқандар аймақтың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуына қатысты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, қолжетімді баспана үшін кезекте тұрғандарға арналған көпқабатты үйлердің құрылысы, халықты газбен жабдықтау және туризмді дамыту мәселелері қаралды.
Азаматтардың қойған сұрақтарына ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары М. Құсайынов, ҚР ИДМ жауапты хатшысы З. Сағынов жауап берді.
Қазіргі таңда Түркістанда тұрғын үй кезегінде 3600 адам кезекте тұр. Әкімдік алдағы уақытта «Отырар» шағын ауданын салуды жоспарлап отыр. Бүгінде 8 үйдің құрылысы басталды. Олардың ішінде бес қабатты 4 үй «Қазақстан ипотекалық компаниясы» есебіне, тоғыз қабатты 2 үй (72 пәтер) «Отау құрылыс» есебіне, ал «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы арқылы 60 пәтерлі екі үй салынып жатыр. Жыл соңына дейін барлық 6 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, биыл ТКШ саласын модернизациялау аясында 22 үй жөндеуден өткізілді.
Түркістанды газбен жабдықтау 2014 жылы басталып, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді құбыр желісі бірінші кезекте пайдалануға берілді. Сол сияқты, күші сағатына 100 000 м³ құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясы және 2 газ бақылау нүктесі салынған. Алайда, өңір халқы толығымен газбен қамтамасыз етілмеген.
Сонымен қатар, «Көне Түркістан» тұжырымдамасы аясында тарихи-мәдени туризмін дамыту мәселесі қозғалды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Қазақстан архивтеріндегі өзекті мәселелер -
COVID-19: Вакцинациялауға қатысты өзекті сұрақтар мен оларға жауап -
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар -
Сот жүйесінің реформасы және өзекті мәселелері -
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты" -
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
«Халық үні» жобасы халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысады -
Отандық фармацевтика: Дамудың жаңа мүмкіндіктері -
COVID-19: Денсаулық сақтау минситрлігінің өкілдері өзекті сұрақтарға жауап берді