- Басты
- Жаңалықтар
- К. Мәсімов Түркістандағы туристік саланың әлеуетіне баға берді
К. Мәсімов Түркістандағы туристік саланың әлеуетіне баға берді
Түркістан Қазақстанның мәдени астанасы болып саналады. Өткен жылы бұл өңірге бір миллионнан астам турист келді. Қазір ОҚО-да Түркістандағы тарихи-мәдени орталықпен бірге туризмді дамыту бойынша жаңа жоба белсенді жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсаттарда ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес «Мәдени мұра» «Көне Түркістан» тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдады. Осы тұжырымдама аясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің аумағында реставрациялау-консервациялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Кесененің қорғалатын аймағында орналасқан үйлер туристік сервис және қызмет көрсетуге пайдаланылады. Тұржырымдама үш кезеңге есептелген.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы аумағында орналасқан.
Кешен директоры Жандос Әубәкір нысан ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енетінін және Қазақстан тарихында сәулеттің көрнекті ескерткіші, Түркістанның негізгі мәдени орындарының бірі саналатынын атап өтті.
Арыстан баб кесенесі аумағында орналасқан Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайында жалпы саны 23 мың жәдігер бар, оның ішінде ғылыми кітапхана бар.
Кешен директоры Айбек Жандосовтың айтуынша, мұражай қазба жұмыстары кезінде табылған ертеде өңірдің экономикалық және сауда орталығына айналған – Отырар қаласының тарихи ескерткіштерінің негізгі ғылыми-зерттеу орталығына және археологиялық қазына қоймасына айналды.
Бірегей кешеннің құрамына республикалық маңызы бар 4 археологиялық ескерткіш және жергілікті маңызы бар 216 ескерткіш кіреді, оның қатарында Отырар оазисінің ежелгі қалалары бар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді