• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Польша Президенттері бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды

Қазақстан мен Польша Президенттері бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды

22 Тамыз, 2016 15:48
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Варшаваға келді. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Польша Республикасының Президенті А.Дудамен кездесуі және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізуі көзделген. Оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысуы қарастырылған.

 

Барлық жаңалықтар