• Басты
  • Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайды
22 Тамыз, 2016 13:32

Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайды

Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайып, 2015 жылдың нәтижесі бойынша 72 жасты құрады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайды | Strategy2050.kz

Мұндай көрсеткішке ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» және Денсаулық сақтау саласын реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілді.

Халықтың туу көрсеткіші 8,2%-ге өсті, ол 2015 жылдың нәтижесі бойынша 1000 тұрғынға шаққанда 22,72-ні құрады (1991 жылы - 21).

Ана мен сәби өлімі сәйкесінше 5,4 жән 3 есеге төмендеді (1991 жылы ана өлімі – 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 67,2-ден 2015 жылы 12,5-ге дейін, сәби өлімі – 1991 жылы 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ға дейін).

Тәуелсіздік жылдарында жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6%-ға төмендеді (1000 тұрғынға шаққанда 1991 жылы 8-ден 2015 жылы 7,52-ге дейін). Бұл көрсеткіш негізгі себептерден туындайтын өлім-жітімді азайту арқылы жүзеге асты: қан айналымы жүйесінен болатын өлім 1,9 есеге (1991 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 361-ден 2015 жылы 193,8-ге дейін), қатерлі ісік ауруларынан 33%-ға (1991 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 137,4-тен 2015 жылы 92-ге дейін), қайғылы оқиғалар салдарынан, жарақаттану мен уланудан 23,1%-ға (1991 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 107,3-тен 2015 жылы 82,5-ке дейін),

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі халықтың денсаулығын нығайту мақсатында өз қызметін өлім-жітімнің негізгі себебі болатын ауруларды ерте кезеңде анықтау мен емдеу, олардың алдын алуға негізделген басым міндеттерді орындауға бағыттады. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында ауруларды басқару мен оның профилактикасын жетілдіру бойынша жұмыс әрі қарай жалғасады.  

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға дейін күтілетін өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту - «Денсаулық» бағдарламасының мақсатты индикаторы болып табылады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды