- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында жыл соңына дейін 6 мектеп ашу жоспарланған
Жамбыл облысында жыл соңына дейін 6 мектеп ашу жоспарланған
Биыл Жамбыл облысының білім беру жүйесін дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Биылғы жылы облыстың білім мекемелерін қаржыландыруға – 90,2 млрд. теңге бөлінді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,3%-ға артық. Облыста білім нысандарының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері облыста 71 мектеп, 20 балабақша, 1 колледж, барлығы 92 білім нысаны салынып, пайдалануға берілді. Осы жылдар ішінде 46 апатты, 8 үш ауысымды, 10 орын тапшылығы бар, 7 ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан мектептер мәселесі шешілді.
Мемлекет басшысының 2014 жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес апатты және үш ауысымды мектептердің мәселелері оң шешімін табуда. Ағымдағы жылы 19 білім нысанының құрылысын жүргізуге 6,4 млрд. теңге бөлінсе, оның ішінде 4 мектеп пен 3 балабақшаның құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен салынуда. Жаңа оқу жылына 6 мектеп пен 5 балабақшаның құрылысы осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
Жыл басында апатты жағдайда тіркелген 11 мектептің 2-і жаңа құрылыс есебінен пайдалануға берілсе, 3 мектептің мәселесі 2017 жылы шешіледі, ал 6 мектептің мәселесі 2017-2018 жылдары кезең-кезеңімен шешіледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар үш ауысымды мектептердің мәселесі де басты назарда.
Жаңа оқу жылында үш ауысымды 2 мектептің құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қор есебінен беріледі. 1 мектептің құрылысы ағымдағы жылы Ұлттық қор есебінен басталып, 2017 жылы аяқталады. Қалған 2 мектептің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Ағымдағы жылы 42 білім нысанын күрделі жөндеуден, 118 білім нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге 4 млрд 962 млн. 524 мың теңге бөлінді.
2015 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 1-ші кезеңі аяқталып, бағдарламада көзделген 5 мақсатты индикатор мен 19 көрсеткішке қол жеткізілді.
Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесін арттыру мақсатында нақты жұмыстар атқарылуда. Биылдың өзінде осы мақсатқа 6,4 млрд теңге бөлінді.
Өткен жылы – 1190 орын ашу жоспарланса, жоспар 2 есе артық орындалып, 14 балабақша, 7 шағын орталық ашылды.
Ал, жаңа оқу жылында 6 балабақша ашылып, 390 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылады. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 280 орындық 3 балабақша және жергілікті бюджеттен 140 орындық 2 балабақшаның құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Мемлекеттік – жекеменшік әріптестік негізінде 2015 жылы – 980 орындық 10 балабақша ашылса, ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 440 орындық 5 балабақша ашылды.
Сондай-ақ, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, имиджін көтеруге, материалдық ынталандыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2012 жылдан бастап 16 педагог Республикалық «Үздік педагог» байқауында жеңімпаз атанып,1000 айлық көрсеткіш негізіндегі грантты иеленді.
2012 жылдан бүгінгі күнге дейін 22917 педагог білімдерін жетілдірді. Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің айлық жалақыларына үстеме ақы төлеу үшін 1 млрд 41 млн 69 мың теңге бөлінді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі