- Басты
- Жаңалықтар
- Алдматыда « Универсиад а -2017 »-нің басты нысандары өздерінің ресми атауларын алды
Алдматыда « Универсиад а -2017 »-нің басты нысандары өздерінің ресми атауларын алды
Жиын барысында Д.Назарбаева Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан олимпиада ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жоғары жетістіктерін,спорттық инфрақұрылым құрылыстарының,елімізде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Универсиада жобасы арқасында Алматыда өте заманауи және барынша әдемі үш жаңа спорт нысандары пайда болды. Жаңа инфрақұрылымдар, жаңа тұрғын кешендері, театрлар, көрме залдары,кинотеатрлар, әлеуметтік- тұрмыстық нысандар бой көтеруде. Бұл аудан болашақта адамдар үшін барынша қолайлы және жайлы болады», - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек FISU талаптарына сай және Елбасының келісіміне орай Универсиаданың жаңа нысандарына атаулар берілетіндігін жеткізді. Яғни, 12 мың орынды Мұз сарайы « Алматы Арена», 3 мың орынды сарай «Халық Арена» деп аталатын болады.
«Елбасының тапсырмасы бойынша Универсиада өткен соң пәтер кезегінде тұрған 1 748 адам Атлеттер ауылынан үй алады. Атлеттер бөлмесіне сатып алынған мебель, тұрмыстық техника (3 700 тоңазытқыш пен телевизор, 1 750 кір жуатын машина)ауруханалар мен емханаларға, қала бала бақшалары арасында бөлінеді. Ойындар өткен соң Атлеттер ауылына Алматының олимпиадаға дайындық орталығы, Алатау ауданындағы 1200 адамға ХҚКО, 700 адам қатынайтын емхана, Қазпошта бөлімшесі, супермаркет, тұрмыстық үй, полицияның толық жабдықталған тірек пункті орналасады», - деді Б.Байбек.
Мегаполис әкімі жергілікті билікпен, Ішкі Істер министріігмен, ҰҚК-мен, Бас прокуратурамен бірігіп, Универсиада барысында қоғамдық қауіпсіздікке нұсқан келтірудің алдын алу бойынша қажетті шаралардың барлығының атқарылып жатқандығын атап өтті.
«ІІМ-нің есептеулері бойынша, Универсиаданың қауіпсіздігін құқық қорғау органдарының 6,5 мыңнан астам қызметкерлері қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен ІІД-не жарылғыш заттардың 15 қолмен жұмыс істейтін детекторларын алу үшін 222 млн. теңге бөлінді», - деді Б.Байбек.
Мәжіліс барысында Универсиада атрибуттарының таныстырылымы өтті.Жиналғандарға эстафетаға қатысушылардың, Универсиада алауы факелінің, ойын тұмары- «Сұңқар» құсының сыртқы белгілері көрсетілді.Қыран ту биікке самғайтын құс, сондықтан ол жас спортшыларды жеңіс пен мақсаткерлікке шақыратын болады. Алқалы жарыстың басты атрибуты – марапат медальдары да көрсетілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады