• Басты
  • Жаңалықтар
  • Кеңістіктік мәліметтер инфрақұрылымы ашық мәліметтер заңымен тығыз байланысқан – сарапшы (БЕЙНЕ)

Кеңістіктік мәліметтер инфрақұрылымы ашық мәліметтер заңымен тығыз байланысқан – сарапшы (БЕЙНЕ)

22 Тамыз, 2016 09:21
Қазақстанда мәліметтер инфрақұрылымы ашық мәліметтер заңымен тығыз байланысқан, бүгінде елдің 28 пайыз алаңы зерттеуге тиесілі, деді «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ төрағасының кеңесшісі Алан Қазкенов Еуразиялық кеңістіктік мәліметтер инфрақұрылымына арналған отырыста.

«ҚР Президенті Ұлт жоспары «100 нақты қадам»  және 91 қадам «Мемлекеттік басқарудың  нақты мәліметтер бойынша мемлекеттік басқаруға кшу, стандартталған және мониторинг, баға мен бақылау, мемлекеттік органдардың қызметіне  мақсатты индикаторларды анықтау бойынша еркіндік берілген кезді қамтиды, келесі қадам – ашық үкіметті енгізу, ақпаратқа қолжетімділік туралы заңды әзірлеу, сондай-ақ, онлайн-қолжетімділік орталық мемлекеттік органдарға қатысты жүзеге асыру – осы істердің барлығы кеңістіктік мәліметтер инфрақұрылымын құруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Сарапшы айтып өткендей, кеңістіктік мәлімет инфрақұрылымы геодезия және картография, ашық мәліметтер заңымен тікелей байланысты.

«Қазіргі таңда мәліметтердің жаңартылуы сәйкес дәрежеде емес, мәселен картографиялық қамсыздандыру. Бүгінде 28 пайыз алаң зерттеуге тиесілі, 2015 жылдың мәліметі бойынша жер кадастрының көрсеткіші 15 пайызға дейін барды. Мәтіндер мен графикалардың көрсеткіші 40 пайызды құрап отыр», - деді сарапшы.

Оның  пікірінше, бұл орайда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындап, қажетті көрсеткішке жетпеудің қауіпі тұр.

«Бұл кеңістіктік мәліметтер инфрақұрылымы туралы заңның болмауы. Ол кеңістіктік мәліметтердің жаңаруымен жұмыс істейтін болады», - деді сарапшы.

Индира Кауметова

Бейне: Азамат Әлиев

 

Барлық жаңалықтар