АШМ: Қазақстанда 65 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

22 Тамыз, 2016 09:04
Шағын мал бордақылау алаңдарын құрудың іс-шараларын жүзеге асыру нәтижесінде 32 мыңнан астам ЖҚШ жеке кәсіпкерлікке айналады және 15-30 мың тг. көлемінде ай сайынғы табыспен қамтамасыз етіледі, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Келтірілген деректерге қарағанда, 65 мыңнан астам үнемі қызмет істеп тұратын жұмыс орындары құрылатын болады. Бағдарлама жыл сайын жергілікті бюджеттерді 3 млрд. тг. көлемінде түсіммен қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР АШМ тарапынан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және АӨК өнімдері өндірісінің көлемдерін жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы арттыру бойынша шаралар қолға алынуда.

Барлық жаңалықтар