- Басты
- Жаңалықтар
- «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде қызмет ететін болады (ФОТО)
«Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде қызмет ететін болады (ФОТО)
Ұлы Отан соғысы жылдары теңізде Ленинградтың қорғанысын ұстап тұрған әйгілі қызыл тулы крейсер «Киров» атындағы клубтың бозбалалары Қазақстан әскери теңізшілерінің қызметін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.
«Біз Ақтауға Алматыдан келдік. Теңізді көрдік, нағыз корабльде жүздік, бізді қорғап жүрген әскери қызметшілермен таныстық. Клубта бізге 1937 жылы Қазақстан сол кездегі әлемдегі үздік «Киров» крейсерін қамқорлыққа алғаны туралы айтатын. Қазақ халқының үздік ұлдары Кеңестік Отанның теңіз шептерін күзету бойынша қызметке жөнелтілді. Болашақта мен әскери қызметші болып, Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде қызметімді жалғастырғым келеді», - деді «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Асқар Ерланов.
Бүгінгі таңда Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы арасында «Алатау» мина-тартқыш корабліне әскери-шефтік жұмысты ұйымдастыру мәселесі жөнінде меморандумға қол қойылуда.
Меморандумға сәйкес «Киров» Қызыл тулы крейсердің жас теңізшілері әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Отанымыздың теңіз және өзен шептерін күзету бойынша оқуға және әрі қарай қызмет етуге аттанатын болады.
«ҚР ӘТК-нің қолдауының арқасында бізге ҚР-да әскери-теңіз кадеттілігі дәстүрін қайта жаңғыртуда пионер атану және аталмыш патриоттық бағыттың делегаттары болу абыройы бұйырды», - деп «Киров» ӘПК-ның жетекшісі Бақытжан Пірімбетов атап өтті. «Киров» ӘПК – бұл Алматы қаласының ҚІЖД-ге жетекшілік ететін 30 клубтың ішіндегі ең үлкені болып табылады. ӘПК тәрбиеленушілерінің саны 75 бала, оның ішінде 20-сы жетім балалар. Осы клубтағы бозбалалардың біршамасы келешекте әскери теңізші болуды қалайды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды