• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2017 жылға қарай ШҚО-ның Зырян ауданында 8 шақырымдық су және жылумен қамту құбырлары жаңғыртылады

2017 жылға қарай ШҚО-ның Зырян ауданында 8 шақырымдық су және жылумен қамту құбырлары жаңғыртылады

20 Тамыз, 2016 15:08
Шығыс Қазақстанның Зырян ауданында коммуникацияларды қайта жаңғырту шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында жүргізілуде.

ШҚО ақпараттық  орталығының мәліметінше, жылу және сумен қамту  жүйесін жөндеу бойынша Зырян ауданында 1,4 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Жылу коммуникациялық  құбырларды ауыстыру  өткен жылы басталды. Онда 400 метр құбыр жаңғыртылды. Биыл 300 метр жаңғыртылды.

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, қазір ескі құбырларды жөндеу жүзеге асырылуда. Жаңа құбырларды орнату 20  қыркүйекте басталды.

Жұмыстар 2017 жылы аяқталады. Жөндеу жұмыстары уақытты тиімдеп, жылу беруді жылдамдатады.

 

Барлық жаңалықтар