• Басты
  • Жаңалықтар
  • Халықыраралық Пактіні қорғау нәтижесі бойынша Қазақстанға 25 ұсыныс берілді

Халықыраралық Пактіні қорғау нәтижесі бойынша Қазақстанға 25 ұсыныс берілді

19 Тамыз, 2016 18:37
Халықыраралық Пактіні қорғау нәтижесі бойынша Қазақстанға 25 ұсыныс берілді, деді ОКҚ-да Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова.

2005 жылғы 28 қарашада Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялаған. БҰҰ-ның 167 мүше мемлекеті Пактінің қатысушысы болып табылады.Пактінің 40-бабына сәйкес Қатысушы мемлекеттер әр төрт жыл сайын қабылданған шараларды жүзеге асыру туралы баяндаманы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне, зерделеу қорытындысы бойынша мемлекеттерге өз ұсыныстары мен ескертулерін ұсынады.

«Адам құқықтары жөніндегі комитет БҰҰ органы болып табылады және Ұйымның құрамына кіретін, мемлекеттердің тәуелсіз сарапшылар қатарынан әр екі жыл сайын сайланатын 18  мүшесінен тұрады. Комитет мүшелері жұмыс рәсімі сәйкес мемлекеттің азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы елдегі ахуал туралы, олардың баламалы баяндамаларын қарастыруға құқылы. Алдын ала елдер ұсынған ұлттық баяндамаларды тікелей қорғау, елдер мен Комитет мүшелерінің ресми делегацияларының қатысуымен интерактивті режимде өтеді. Азаматтық қоғам өкілдерін бақылаушы ретінде қорғау рәсіміне қатысуға Комитет шақыруы мүмкін», - деді Э.Әзімова.

Қорғау нәтижесіне сәйкес Комитет тиісті мемлекетке өз ұсыныстарын (ескертулер) Пакті шеңберінде қабылданған міндеттемелердің тиімді орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тұжырымдайды және жібереді. Екінші қорғау қорытындысы бойынша Қазақстанға 25 ұсынымдар берілді, олардың орындалу жөнінде Қазақстан 2020 жылы келесі баяндамасында Комитетке ұсынуы қажет.

«Қазақстанға ұсынған ұсынымдар соттардың тәуелсіздігі мен сот жүйесін нығайтуға бағытталған, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және құқық қорғау органдарының оны жүзеге асыруын жақсартуға, зорлық-зомбылық, әсіресе тұрмыстық, кемсітуге, азаптауға қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту, арнайы прокурорлар, судьялар және адвокаттардың мәртебесін нығайту, проблемалық мәселелерді шешу байланысты бейбіт жиналысқа құқықпен, жала үшін қылмыстық жазаға қатысуына байланысты проблемаларын шешуге бағытталған», - деді ол.

Қазіргі уақытта Алынған ұсынымдарды іске асыру үшін ведомствоаралық іс-шаралар жоспары әзірленуде.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінде Қазақстанның бірінші ұлттық баяндаманы қорғауы 2011 жылғы шілдеде өтті. Екінші қорғау 2016 жылғы 22-23 маусымда Комитеттің 117 сессиясында  өтті. Қазақстандық делегацияның құрамына Қазақстан Републикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Бас прокуратурасының, Орталық сайлау комиссиясының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, сондай-ақ Әділет, Ішкі істер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Сыртқы істер, Ақпарат және Коммуникациялар, Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері кірді.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар