- Басты
- Жаңалықтар
- Ата-аналар мен оқушылар сабақтан тыс шараларды ұйымдастыруға жұмылдырылады – Шәмшидинова
Ата-аналар мен оқушылар сабақтан тыс шараларды ұйымдастыруға жұмылдырылады – Шәмшидинова
Конференцияға Зияткерлік мектептердің 340-тан астам өкілдері қатысуда. Іс-шара пленарлық және секциялық мәжілістер ретінде өтіп жатыр. Сонымен қатар ата-аналарға арналған секция ұйымдастырылған, деп хабарлады Назарбаев зияткерлік мектебі.
Өзінің баяндамасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова бүгінгі таңдағы балаларға ата-аналарының назары жетіспеушілігі туралы айтып өтті. Осыған орай мектеп алдына қойылған мақсаттардың бірі – ата-аналарға мектеп өмірінде өзін жетілдіруде көмек көрсетіп, олардың әлеуметтік тәжірибесін балалар арасында пайда болған мәселелерді шешуде қолданып, ата-аналардың сыныптан тыс іс-шараларға қатысуын арттыру болып табылады.
Тамыз кеңесі 2015-2016 оқу жылында атқарылған жұмыстардың қорытындысын тыңдауға және педагог қызметкерлерінің еркін пікір алмасып, әріптестер арасындағы тәжірибені және ынтымақтастықты орнатуға бағытталған. Жиын барысында аймақтардағы Зияткерлік мектептердің тыныс-тіршілігі, жетістіктері сондай-ақ шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселелер күн тәртібінде қаралады.
Тамыз кеңесіндегі сұрақтар Зияткерлік мектептерінің жұмысын одан әрі жетілдіруге, мектепті басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеруге оң серпін бермек. Нәтижесінде, конференцияда қаралған мәселелер отандық білім беру саласына ықпал етуге, білім беру мекемелеріндегі кей проблемалардың шешілу амалдарын қарастыруға жағдай туғызады.
Білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесіне аймақтардағы 21 Зияткерлік мектептердің директорлары, пән ұстаздары, ата-аналар және білім беру саласына қатысты өзге де қонақтар шақырылған. Соның ішінде Ұлттық Ғылым академиясының және Республикалық физика-математикалық мектеп өкілдері.
Пленарлық кездесуде білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері мен қызметкерлерін марапаттады.
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" жобасы 2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске қосылды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мақсаты отандық білім беру саласына жаңа инновациялық білім беру моделін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді жүзеге асыратын эксперименттік алаң ретінде енген болатын. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймақтарында 20-ға жуық зияткерлік оқу орындар жұмыс істейді. Олар инновациялық білім беру моделін енгізу мен іске асырудың үлгілерін көрсетуде.
Жаңа 2016-2017 оқу жылына аймақтардағы барлық Зияткерлік мектептеп сақадай сай дайын тұр. Мектептерде жоспарлы дайындық жұмыстары өтіп, қажетт әдістемелік құралдар, материалдық-техникалық база жаңартылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері