• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әділет министрлігі біліктілікті арттыру бойынша журналистерге курстарды ұйымдастыруды жоспарлауда

Әділет министрлігі біліктілікті арттыру бойынша журналистерге курстарды ұйымдастыруды жоспарлауда

19 Тамыз, 2016 18:12
Әділет министрлігі біліктілікті арттыру бойынша журналистерге курстарды ұйымдастыруды жоспарлауда, деді ОКҚ-да Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова.

«Қазіргі таңда адамның құқығын қорғау  бойынша өте өзекті мәселелер талқылануда. Журналистік зерттеулер жүргізілуде, қазір бізде жобалар бар», - деді ол.

Оның айтуынша, Әділет министрлігі  СІМ мен ҚР-дағы БҰҰ өкілдігімен сәйкес меморандум орнатты, оның аясында журналистердің біліктілігін арттыру бойынша нақты жұмыс жүргізу қарастырылған.

«Бұл жұмыс журналистерді шектеу үшін  жүргізіліп жатқан жоқ. Оның мақсаты мынау: халықаралық құжаттар журналистерге қиын болып келеді, заң туралы, адамның құқықтары туралы заңнаманы егжей-тегжейлі меңгеру үшін  біліктілікті арттыру қажет. Сондықтан, БҰҰ сарапшыларын шақыру қарастырылып отыр.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар