- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында ардагерлерге көмек көрсету үнемі бақылау үстінде
Жамбыл облысында ардагерлерге көмек көрсету үнемі бақылау үстінде
Еркінбек Бейсембекұлының мәлімдеуінше, облыстық ардагерлер ұйымының қатарында аймақта тұрып жатқан 114386 зейнеткердің 85 мыңы есепте тұрады.
Олардың арасында Ұлы Отан соғысына қатысқан 103 майдангер және 54 соғыс мүгедегі бар. Оларға құрметіміз бен қошеметіміз айрықша - деп, соғыс ардагерлерінің барлығы тұрғын үймен, тегін медициналық қызметпен, басқа да әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз етілген. Жамбыл облысында биылдың өзінде соғыс ардагерлеріне электр қуатын, газ, салқын су, қатты отын басқа да коммуналды қызметтер үшін кәсіпорындардың есебінен 2913,8 мың теңге көлемінде,
Тараз қаласының 80 ардагеріне телефон пайдаланғандары үшін 471,2 мың теңге көлемінде көмектер көрсетілді.Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 5медициналық –әлеуметтік мекемеде 1 соғыс ардагері, 1 соғыс ардагеріне теңестірілген кісіге, 37 тыл еңбеккеріне, 5 еңбек ардагеріне тұрақты сауықтыру әлеуметтік қызметі көрсетілді.
Жыл басынан бері 140 соғыс ардагері мен 56 соғыс мүгедегі, 798 ауған соғысының ардагері және басқа да санаттағы ардагерлер диспансерлік бақылауға алынған. Диспансерлік есепте тұрған 3099 кісінің 1166 кешенді медициналық тексерумен қамтылған. Биыл 8 соғыс ардагері, 12 ауған соғысының ардагері, 1 Чернобыль апатын жоюға қатысқан кісі шипажайға жіберілді. Облыс бойынша 95311 кісі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақымен қамтылған. Олардың арасында 103 майдангер, 54 соғыс мүгедегі, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген 1156 кісі, 7 соғыс жесірі, 6269 тыл еңбеккері бар. Облысымызда 6 Социалистік Еңбек Ері тұратындығын біз мақтан етеміз. 23477 көп балалы ана-біздің алтын қазынамыз.
Облыстық ардагерлер ұйымы 2 қалалық және 10 аудандық, 900-ден астам бастауыш ардагерлер ұйымдарынан тұрады. Облыстық ардагерлер ұйымы осылайша ұйымдық жағынан нығайған, қоғамның жанды, белсенді күші ретінде іс-әрекеті нақтыланған, құрылымдық жағынан жетілдірілген.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда