- Басты
- Тайланд «ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
Тайланд «ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма басшысы Ахметжан Есімов пен Энергетика министрлігінің тұрақты хатшысы – Тайланд ұлттық секциясының комиссары Ареепонг Бхоочаоом қол қойды.
“Басқосу барысында Ахметжан Есімов «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілетін көрменің ұйымдастырылу жұмыстары туралы толығырақ айтып берді”, - делінген хабарламада.
«ЭКСПО-2017 дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр. Тіпті, биылдың күзінде біз қатысушы мемлекеттерге өздерінің ұлттық павильонын дайындау үшін берілетін болады», - деді өз сөзінде ұлттық компания басшысы.
Сонымен қатар, А.Есімов көрменің халықаралық ілгерілету мәселесін де қозғады. Бүгінгі таңда 96 мемлекет қатысатындығын растап, 63 мемлекетпен қатысу келісімшартына қол қойылды.
Өз кезегінде, Тайланд ұлттық секциясының комиссары А.Бхоочаоом Қазақстанның Т|айланд үшін Орталық Азиядағы маңызды сауда-экономикалық әріптесі екендігін ескере кетті.
«ЭКСПО» қатысу біздің Корольдік үшін өте маңызды. Көрме бііздің мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастар үшін ерекше қарқын беретіндігіне сенімдіміз», - деді Бхоочаоом.
Кездесуде тайлықтар Ұлттық күнді атап өту рәсімін 2017 жылдың 12 тамызына бекітуді сұрады. Бұл күні Тайландта Рам ІХ патшасының жұбайы мәртебелі Сирикит патшайымының туған күніне қатысты салтанатты шара ұйымдастырылады. Осы шара аясында тайлық павильон ЭКСПО қатысушыларына арнап мәдени, ойын-сауық іс-шарасын қткізбекші.
Энергетика министрлігінің тұрақты хатшысы А.Бхоочаоом «жасыл» энергетика саласындағы ең үздік технологияларын көрме барысында әлемге паш ететіндігін атап өтті.
Тайланд 2021 жылы баламалы энергия көздерін пайдалану үлесін 25 пайызға дейін өсіруді көздеп отыр. Мемлекеттің биомассаны пайдалану мен дамытуда мол тәжірибесі бар әрі оның энергияға айналуы бойынша Азия-Тынық мұхиты өңірінде лидер ретінде сақталып қалуына ниетті.
-
Қай пратиялар сайлауға қатысады, тіркеу қашан басталады
-
Шерзод Пулатов: Сайлауға Ассамблеяның қызметіне, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар қатысады
-
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады
-
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады
-
Праймериз: Іріктеуге кімдер қатысады, өту тәртібі қандай/Үміткерлерге қандай талаптар қойылады
-
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады
-
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады - А.Аймағамбетов
-
Түркістанда ҰБТ-ға 18 634 түлек қатысады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады
-
Қ.Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады
-
Қазақстан ОПЕК министрлер вебинарына қатысады
-
Түркістанда МӘМС жүйесіне тұрғындардың 91,6 пайызы қатысады
-
Теңіз көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер оңтайландырылады
-
Н.Нығматулин Ереванда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы шараларына қатысады
-
Фидерлік кемелерді іске қосу контейнерлер айналымын оңтайландырды

