Қазақстанда өзен көліктерімен 600 мыңға жуық жүк тасымалданды

20 Тамыз, 2016 10:01
Бүгінгі күні ішкі су жолдары бойынша кеме қатынасы дамуының оң динамикасы тіркелуде, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Ағымдағы жылғы 7 ай қорытындысы бойынша өзен көліктерімен 600 мыңға жуық жүктер тасымалданды, бұл 2015 жылғы аналогиялық кезеңінің көрсеткіштерінен 13 % жоғары.

Негізгі жүктер айналымының көлемі Ертіс бассейніне келеді, бүгінгі күні сәтті дамуда, оның ішінде, экспорттық тасымалдау.

Бұл ретте Министрлікпен кеме қатынасының қауіпсіздігі бойынша қажетті шаралар қабалданып жатыр.

Атап айтқанда, кеме қатынасы су жолдарында 3 мыңнан астам навигациялық белгілер қойылды, 1 331 мың м3 көлемінде түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, 4 мың км астам су жолдарында арналық іздестірулер жүргізілді.

Жағалау инфрақұрылымын дамыту, Ертіс өзені бойынша толассыз кеме қатынасының ашылуы және Жайық-Каспий арнасының кемелік жүрісін қайта қалпына келтіру бойынша жоспарланған шараларды ескере отырып, теңіз көлігімен тасымалдауды 1,5 млн.тоннаға дейін арттару жоспарланды.

 

Барлық жаңалықтар