• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында 2016 жылдың соңына дейін жаңа кенішті іске қосу жоспарланған

Қарағанды облысында 2016 жылдың соңына дейін жаңа кенішті іске қосу жоспарланған

19 Тамыз, 2016 18:58
«Қазақмыс» корпорациясы 2016 жылдың соңына дейін Жезқазған алаңынада жаңа кенішті іске қосуды жоспарлауда.

Корпорацияның ақпараты бойынша, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында катодтық эквивалентте 111,6 мың тонна мыс өндіріледі. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, аталмыш өндірістік көрсеткіш 8,3 мың тоннаға немесе 8% -ға өсті.

Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша кендегі мыстың орташа мазмұны0,94% пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін компания катодтық эквивалентте 224,4 мың тонна мыс өндіруді жоспарлауда.

Барлық жаңалықтар