- Басты
- Жаңалықтар
- Жылжымалы медициналық кешендер тағы 5 облыстың шалғай аудандарына барады
Жылжымалы медициналық кешендер тағы 5 облыстың шалғай аудандарына барады
Бұл күндері ЖМК Қызылорда облысы Арал ауданының «Қаратерең», «Аманөткел», Жалағаш ауданының «Мақпалкөл», «Ақарық», Сырдария ауданының «Шаған», «Ақжарма», Жаңақорған ауданының «Сунақата», Шиелі ауданының «Еңбекші», «Қосүйенкі», «Жиделі арық» дәрігерлік амбулаторияларына барады. Мобильді медициналық бригадалардың құрамына терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет мамандары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру аймақтық орталығының мамандары кіреді.
22-26 тамыз күндері Павлодар облысы Железинск, Май аудандырының тұрғындарын терапевт, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, стоматолог дәрігерлер, сондай-ақ, рентген-кабинеттер және клиникалық зертхана мамандары тексеретін болады.
Осы кезеңде Маңғыстау облысты Қарақиян ауданы Құрық ауылының тұрғындары тегін скринингтік тексеруден өтіп, окулист, офтальмолог, терапевт, пульмонолог, кардиолог және педиатр мамандарының кеңесін алатын болады.
25 тамызда құрамында кардиолог, фтизиатр, жалпы практика дәрігері және клиникалық зертхана мамандары бар медициналық бригаданың Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылына баруы жоспарлануда.
Осы күні жылжымалы медициналық кешендер Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Тассай ауылына, Глубоковск ауданының Солнечный ауылына барады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
COVID-19: Қызыл аймақтағы өңірлер, «Ashyq» пилоттық жобасы және вакцинациялау мәселелері -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді -
Stop Musor: «Қазақстан қалаларын қоқыс басып барады» -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм отандық кинопрокатқа шықты