• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізуге ықпал етеді – депутат

Мемлекет ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізуге ықпал етеді – депутат

19 Тамыз, 2016 19:38
Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партия фракциясының мүшесі Жанат Омарбекова Жамбыл облысының сайлаушыларымен кездесулер өткізуде, деп Мәжілісте хабарлайды.

Парламентшілер аймақтың ауыл шаруашылығы басшыларымен кездесті. Әңгіменің негізгі тақырыбы жер заңнамасы мәселесіне қатысты болды.

Депутат болған барлық үш шаруашылық: «Балабек», «Совет», «Мерзан» - Мерке ауданында орналасқан. Аймақтық бағдарлама шаруа қожалығын нығайтуға және халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге бағытталған.

Ж. Омарбекова бұл шаруашылықтың жұмыстарымен танысып шықты және аграрлық саланың оң тенденциясын атап өтті. Оның айтуы бойынша, Мемлекет ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізуге барлық жағдайды жасауда және жаңа технологияларды енгізуге ықпал етеді.

Парламентшілермен сұхбат кезінде ауыл шаруашылық басшылары аграрлық секторды дамыту бойынша қолданып жатқан шараларға алғыстарын білдірді .

Барлық жаңалықтар