- Басты
- Жаңалықтар
- СІМ: Қазақстан БҰҰ ҚК алдындағы халықаралық проблемаларды шешуге атсалысады
СІМ: Қазақстан БҰҰ ҚК алдындағы халықаралық проблемаларды шешуге атсалысады
Брифингтің негізгі мақсаты шақырылғандарды Қазақстан Республикасының халықаралық сахнадағы өзекті бастамаларымен таныстыру болды.
Қазақстандық дипломат брифинг қатысушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы сәуірде Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиті шеңберінде ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» жалпы әлемдік дамудың жаһандық стратегиясы бойынша бастамасы туралы егжей-тегжейлі хабарлады.
Ғаламдық қауіпсіздік проблематикасы әлемдік қауымдастықтың алдыңда бұрын-соңды болмағандай маңызға ие және Қазақстан Президенті өзінің Манифесінде жаһандық бейбітшілік пен қақтығыстарды реттеуге жету үшін негізгі қадамдарды белгіледі. Брифингте Елшілік араб және ағылшын тілдерінде шығарған «Манифест: Әлем. ХХІ ғасыр» брошюрасы ұсынылды.
Бұл жерде Елші негізгі мақсаты азаматтық қоғам мен үкіметтік емес және жастар ұйымдарын ядролық қаруды сынауды тоқтату мен ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу туралы Шарттың тезірек күшіне енуіне жәрдемдесуге тарту болып табылатын Мемлекет басшысының – АТОМ жобасы (Abolish Testing. Our Mission) бастамасының белсенді іске асып жатқанын атап өтті.
Қ. Лама Шариф Қазақстанның қауіпсіз әлем құрудағы белсенді ұстанымы әлемдік қауымдастықпен мойындалып, қолдауға ие болғанын хабарлады. Мұнын көрнекті мысалдары ретінде Семей полигонының жабылуы мен Қазақстанда МАГАТЭ туы астында Төмен байытылған ядролық отын банкін құру табылады.
Сонымен қатар, Елші брифинг қатысушыларына ү.ж. 29 тамызда Астанада Семей ядролық полигонының жабылуының 25-жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» туралы халықаралық конференцияның өтетінін және оған беделді саясаткерлер, ғалымдар мен қоғамдық қайраткерлердің қатысатынын хабарлады.
Қазақстандық дипломат шет мемлекеттер Елшілеріне ү.ж. маусымда өткен 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесін сайлауда Қазақстанның кандидатурасына қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
Ол Қазақстанның осы жауапты қызметте қазіргі кезде БҰҰ ҚК алдыңда тұрған өзекті халықаралық проблемаларды шешуде өзінің тәжірибесі мен арнайы білімін қолдануда барлық күшін салатынын атап өтті.
Брифингтің соңында іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бастамаларына арналған ақпараттық-имидждік материалдар таратылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді