- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мектептерінде білім беру үрдісін инновациялық басқару іске қосылады
Астана мектептерінде білім беру үрдісін инновациялық басқару іске қосылады
«Биыл елорда әкімдігі қалалық мектептерде ғылыми және шығармашылық әлеуетті дамытуға ниетті. Балалардың демалысын дұрыс ұйымдастыруға, шығармашылық үйірмелерді, спорттық секцияларды және қызығушылықтары бойынша факультатив сабақтарды кеңейтуге баса назар аударылады. Биылдан бастап ғылым мен білім саласындағы үздік креативті жобалар ұсынған бірнеше мектеп оны жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және әдістемелермен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, Астана мектептерінде білім беру үрдісін инновациялық басқару іске қосылады», - деді ол.
Елорда әкімдігінің тапсырмасымен, осы мектептердің аумағында жабық спорт алаңдары жасалады. Бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында қалалық мектептерде оқу жылында балалар мен жасөспірімдер арасында әртүрлі спорт түрлері бойынша Астана қаласының Әкімі кубогына қалалық спартакиадалар өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, қала басшысы әкім грантымен марапаттау үшін «Блім берудің үздік инновациялық ұйымы» қосымша номинациясын бекітуді ұсынды.Мұнымен қоса, әкім оқушылар арасында «Ғылымдағы дебют» ғылыми жобалар конкурсы өткізіліп, жеңімпаздарға әкім гранты табысталатын мәлім етті. Қатысушылар өз жобаларында сәулет пен құрылыс, бағдарламалау, робототехника салаларындағы жаңалықтарды көрсетуге тиіс, сондай-ақ, конкурсқа биологиялық, географиялық және техникалық салалардағы жобалар қатыса алады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай