- Басты
- Жаңалықтар
- БҰҰДБ: Қазақстан басқа елдерге шамамен 300 млн доллар көлемінде көмек көрсетті
БҰҰДБ: Қазақстан басқа елдерге шамамен 300 млн доллар көлемінде көмек көрсетті
«Қазақстан көп жылдар бойы басқа елдерге түрлі көмек көрсетіп жүр және соңғы мәліметтер бойынша, ол шамамен 30 млн доллар көлемінде көмек көрсеткен және қазіргі күін Қазақстан бұл көмекті халықаралық стандарттарға сай көрсетпек, ал олар халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына сәйкес келеді. Қазақстан көрсететін көмек түрі алғаш рет дамудың ресми көмек каналы арқылы өтетін болады және ол Ауғаныстанның әйелдеріне көмек көрсетуге бағытталады. Көбінесе, мемлекеттік қызметтегі әйелдер мен денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген әйелдерге»,-деді ол.
Н.Шимомураның айтуы бойынша, «Дамуға ресми көмек саласында Ауғаныстанмен ынтымақтастықта Қазақстанның жәрдемі» атты жобаның мақсатында екі негізгі тапсырма бар. Біріншіден, Қазақстанға дамытуға белсенді қатысуға бірегей мүмкіндік беру және дамудың ресми көмегі жобасын іске асыруға мүмкіндік бері. Екіншіден, экономикалық тәуелсіздік пен ауған әйелдердің құқықтарын арттыру арқылы Ауғанстанның одан әрі дамуы үшін үлес қосу.
«Біздің мақсатымыз осы жоба арқылы , көбінесе ауғаныстан әйелдеріне көмек көрсету арқыры, Қазақстан болашақта өз тәжірибесін құрып, іске асыратын болады. Бұл жоба өте маңызды болып табылады»,-деді ол.
Айта кететйік, «Дамуға ресми көмек саласында Ауғаныстанмен ынтымақтастықта Қазақстанның жәрдемі» жобасына орай, Қазақстан алдағы уақытта да ДКР жүйесін үйлестіретін болады және даму саласында көмекті жоспарлау, іске асыру, мониторинг және бағалау бойынша тиісті тәжірибе алады. Жоба БҰҰБД қолдауымен іске асырылады.
Сонымен қатар, Н.Шимомураның айтуы бойынша, аталмыш жоба Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қолдауымен 400 мың АҚШ долларының сомасына Жанияда қаржыландырылады.
«Ақша-бұл жобаның құраушы компонентінің бірі болып табылады. Бұл жоба осындай жобаларды іске асыруда дағдылар мен тәжірибені жинақтауда бірегей мүмкіндік болып табылады»,-деді ол.
Естерінізге сала кетейік, ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов және БҰҰ тұрақты үйлестірушісі, Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура «Дамуға ресми көмек саласында Ауғаныстанмен ынтымақтастықта Қазақстанның жәрдемі» атты жобалық құжатқа қол қойды.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру