- Басты
- Жаңалықтар
- СІМ мен БҰҰДБ Ауғанстан әйелдерінің құқығы мен экономикалық дербестікті арттыру туралы жобалық құжатқа қол қойды
СІМ мен БҰҰДБ Ауғанстан әйелдерінің құқығы мен экономикалық дербестікті арттыру туралы жобалық құжатқа қол қойды
Аталмыш жоба БҰҰ Даму бағдарламасы мен Жапонияның сыртқы істер министрлігі, Жапонияның халықаралық ынтымақтастығы агенттігімен бірлесіп жасалған еді. Жоба Қазақстан мен Ауғанстанның ресми көмектің ұлттық жүйесі аясындағы алғашқы жобасы болады. Жоба Жапонияның үкіметімен Жапония мен БҰҰДБ серіктестік қоры арқылы қаржыландырылады.
Ауғанстанның мемлекеттік басқару, медицина мен білім беру саласында жұмыс істейтін әйелдермен байланыс орнатып, осы тұрғыда Қазақстан тәжірибесімен бөлісу көзделіп отыр.
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, бұған дейін Қазақстан ауған еліне біраз көмек көрсетті. Сол елдің азаматтарын оқытты. Қазіргі кезде олар өз еліне барып, жұмыс істеп жатыр. Осы жолы 400 мың доллар көлеміндегі қаржыны «БҰҰ Даму бағдарламасы - Жапония» әріптестік қоры бөліп отыр. Қазақстан өз кезегінде екі жақты байланыстарын пайдаланып, ол ақшаға гендерлік теңдік мәселелері бойынша тиісті шараларды іске асыруы тиіс.
«Бүгінде Тәжікстан елі де жазалау мәселесі бойынша бірлесіп жұмыс істеуге үндеп отыр. Осы ұсынысты да арнайы жоба аясында қолға алып, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне үлес қосуға болады», - дейді Е.Ыдырысов.
Ал БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимас Шимомураның айтуынша, ауған еліне арналған жобаны іске асыру шаралары әлі нақты бекітілген жоқ. Сол себепті құжаттың мақсат-міндеттерін толықтыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ жобаны бірлесіп қаржыландырамын дейтіндер табылса, оның жалпы құны өсе түседі.
«Бүгін біз өте ірі жобаға қол қойдық. Оның жаңашылдығы соңғы кезде Қазақстан халықаралық стандарт аясында көмек көрсетуге ниет етті, ол стандарттар ЭФДҰ-ға сай, елдің дамыған 30 елдің қатарына енуіне үлес қосады. Көпжақтылықты серіктес ретінде қолдай отырып Қазақстан облыстың күн тәртібіндегі дамуына қатыса алады. Қазақстан өз тәжірибесіне сүйкене отырып, даму кезінде өзге елдерді де қолдайтын болады», - деді Н.Шимомура.
Өз кезегінде, Қазақстандағы Ауғанстан елшісі Мохаммад Фарук Бараки барлық тарапқа көрсетілген қолдау үшін алғыс айтты.
«Қазақстан мен Жапония, БҰҰДБ елдегі гендерлік теңсіздікті сақтау үшін бірқатар қолдау шараларын жүргізеді. Оның ішінде әйелдер ісі жөніндегі министрлік пен әлеуетті дамыту да бар», - деді ол.
Индира Кауметова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды