- Басты
- Жаңалықтар
- Тудың көтерілуінің 20 жылдық мерейтойында ҚР Әскери-теңіз күштері «Адмирал» жаңа катерімен толықты (ФОТО)
Тудың көтерілуінің 20 жылдық мерейтойында ҚР Әскери-теңіз күштері «Адмирал» жаңа катерімен толықты (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің корабльдері Ресей Федерациясының су айдынынан жеңіп алынған «Адмирал» катерімен оралды.
ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері шілденің 21-і мен тамыздың 17-і аралығында Ресей Федерациясының су айдынында болды. Былтырғы жылы Қазақстанның теңізшілері екінші орынды иеленіп, БЛ-80 катерін ұтып алғанын айта кетейік. Теңізшілерді салтанатты түрде қарсы алу ҚР ҚК ӘТК туының көтерілген күнінің 20 жылдығымен атап өтілді. Әскери теңізшілер үшін бұл күн атаулы күндердің бірі болып табылады.
Осы күнге орай, соғыс, Қарулы Күштер ардагерлері, оқушылар мен студенттер үшін 29011 әскери бөлімінде экскурсия ұйымдастырылып, жаңа әскери техниканың көрсетілімі ұйымдастырылды. «Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы Каспий теңізінде Әскери-теңіз туын әрі қарай абыроймен көтеруді жалғастырып, оларға қойылған оқу және жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін барлық күш-жігерлерін салатынына кәміл сенімдімін. Әскери-теңіз туының көтерілуінің 20 жылдығымен тағы бір мәрте құттықтап, дәстүр бойынша сапарларыңыз сәтті болсын», - деп запастағы контр-адмирал Кенжемерген Әбікеев өзінің лебізін білдірді. 20 жыл бұрын Ақтау қаласының 4-ші ықшам ауданында 1-дәрежелі капитан Р. Исламов Тәуелсіз Қазақстанның әскери-теңіз туын алғаш рет көтергенін естеріңізге сала кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды