- Басты
- Жаңалықтар
- Білім жалпыұлттық жұмыс және мәселенің шешімі жүйелі болуы тиіс - Исекешев
Білім жалпыұлттық жұмыс және мәселенің шешімі жүйелі болуы тиіс - Исекешев
Әкімнің айтуы бойынша, қаланың өзгеше педагогикалық кеңесі ағымдағы жылдың мәселелерін талқылауға, өткен жылдың нәтижесін анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі жүйелі мәселелерді талқылауға.
«Жыл сайын болатын қаланың өзгеше педагогикалық кеңесі ағымдағы жылдың мәселелерін талқылауға, өткен жылдың нәтижесін анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі жүйелі мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді»,-деді әкім.
Айта кетейік, бүгін отырыс жұмысына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Қазақстан Республикасының Парламенті мен қалалық мәслихат депутаттары, ҚР БҒМ қызметкерлері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысуда.
«Ардагер ұстаздарға алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар, алғаш рет ұстаздар форумына қатысып жатқан жас мамандарға қош келдіндер дегім келеді. Білім проблемалары тар ведомстволық болуы мүмкін емес. Сол себепті, білім жалпыұлттық жұмыс және мәселенің шешімі жүйелі болуы тиіс»,-деді Е.Исекешев.
Кеңес барысында өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, Астананың білім мекемелерінің 2016-2017 оқу жылына дайындығы және орта буында білім сапасын арттыру мәселелері талқыланады.
«Кеще Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева мен білім және ғылым министрі Ерлан сағадиевтің төрағалығымен республикалық конференция болып өтті. Кездесу барысында білім берудің жүйелі мәселелері талқыланды, ал бүгін оны қалалық деңгейде талқылаудамыз»,-деді әкім.
Кеңеске қатысушылар мен қонақтар үшін тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Шара Астана қаласының білім беру ұйымдарының инновациялық технологиялар мен бағдарламаларды енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтап қорытуға мүмкіндік берді. Көрме материалдары білім технологияларына, мектепке дейінгі білімге, жоғары сынып оқушыларын кәсіптік бағдарлауға, елордалық дарынды балалардың халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми конкурстардағы жетістіктеріне арналған 11 тақырыптық кластермен ұсынылды, сондай-ақ білім беру мекемелерінің үздік ғылыми жобалары таныстырылды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді