- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның экономикасын одан әрі табысты дамуының мығым іргетасы қалануда – Самұрық-Қазына
Қазақстанның экономикасын одан әрі табысты дамуының мығым іргетасы қалануда – Самұрық-Қазына
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Сингапурде өтіп жатқан «Stewardship Asia 2016» дөңгелек үстелде сөз сөйледі. Шара барысында сингапурлік Temasek холдингінің басқарма төрағасы Лим Бун Хэнг «Трипартизм (ұлттық үш жақты әлеуметтік диалог): іс жүзінде басқару» тақырыбында баяндама жасап, Stewardship Asia Centre бас директоры Онг Бун Хви, Корея Республикасының бұрынғы премьер-министрі Хан Сын Су, Форбс басылымын шығарушы Рич Карлгаард және т.б. сөз сөйледі.
Сингапур Премьер-Министрінің орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік министрі Тео Чи Хин дөңгелек үстелге үйлестіруші болып, «Болашаққа бағытталған басқару» тақырыбында баяндама жасады.
«Қор трансформациясы бағдарламасының жүзеге аса бастағанына екі жылға толмай жатып біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік, - деді Ө.Шөкеев. «ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендірілген жаңа Корпоративтік басқару кодексі бекітілді. Қордың қоржын компанияларда Директорлар кеңестерінің өкілеттігі бар стратегиялық холдинг ретіндегі бизнес-үлгісі енгізіліп жатыр. Біз өз активтерімізді қайта құрылымдадық, үкіметтік жекешелендіру бағдарламасына белсене қатысып, мемлекеттің экономикадағы қатысын төмендетуге күш салып отырмыз. Енді бірнеше жылдан кейін Қор жоғары сапада жұмыс жасай бастайтынына сенімдімін. Біз Қазақстан экономикасының одан әрі табысты дамуының мығым іргетасын қалап жатырмыз».
Сондай-ақ, Ө.Шөкеев Куала-Лумпурде Малайзия үкіметінің стратегиялық инвестициялық қоры болап табылатын Khazanah Nasional Berhad қорының басшысы Шри Дато Азман Бин Мохтармен кездесті. Кездесу кезінде тараптар азық-түлік, денсаулық, инновациялар мен технологиялар және тұрақты даму бағыттарында ынтымақтастық жасау мәселелерін талқылады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
Бас анитар дәрігер: Вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші артуда