- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Сексеуіл» ескерткіш күміс монеталары айналысқа шығады
Қазақстанда «Сексеуіл» ескерткіш күміс монеталары айналысқа шығады
Монета сопақша формалы. Монеталардың бет жағында (аверсінде) Жер ғаламшарын мекен ететіндердің барлығына ұқыпты қарауды білдіретін оның адам алақанындағы стильдендірілген бейнесі, номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазу бар.
«Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Монеталардың реверсінде шөл далада гүлдеп тұрған сексеуілдің бейнесі және соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан бейнеленген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «СЕКСЕУIЛ» және осы түрдің латын тіліндегі зоологиялық атауы «HALOXYLON» деген жазу бар. Монетаның оң жағында гүлдеп тұрған сексеуілдің бір бұтағының ұлғайтқыш шыны арқылы көрінген бейнесі берілген», - делінген хабарламада.
Бұтақтың түсі тампомөр технологиясы арқылы орындалған. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Қыры (гурты) бедерлі. Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24± 0, 24 грамм, сопақша 38,61 - 28,81 мм., дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана. Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Сексеуіл (лат. Halóxylon) – ағаш өсімдіктерінің түрі. Шөл далада өсетін ағаш тоғайы – сексеуіл орманын қалыптастырады. Аша бұтақты және жас бұтақтары сынғыш бұталар немесе биік емес ағаштар. Жапырақтары бір-біріне қарсы орналасқан ұсақ түссіз қабыршақ немесе дөңес пішіндес. Діңі тегіс емес, мықты, кейде сынғыш болып келеді. Қабығы ақ, қара немесе қоңыр түсті. Монета реверсінде тампомөр пайдалана отырып орындалған. Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. «Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады